Оқиға

Маңғыстауда граната жарылып, сарбаз бір көз бен қолсыз қалды

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

Маңғыстау облысында әскери қызметкер оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі инАктау басылымына сілтеме жасап.


Оқыс жағдай 17 шілде күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы полигонда болды. № 99116 бөлімінің әскери қызметкері Сергей Кошелев оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, ауыр халде ауруханаға түсті.


Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасындағылар Бейнеуден Маңғыстау облысындағы ауруханаға ер адамның ауыр жарақаттармен жеткізілгенін растады.


«Аурухана дәрігерлері жылдамдатып аман алып қалу шараларын бастады. Осы сәтте науқас Маңғыстау облысы ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Дүйсенбі күні емді әрі қарай жалғастыруы үшін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілмек», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.


Зиян шеккен сарбаздың туыстары оның бір қолы мен көзін алып тастағанын хабарлады. Дәл қазір екінші көзін аман алып қалу мәселесі туындап отыр, дейді.


«Бас жарақаты өте көп болғандықтан, Маңғыстауда мұндайда ота жасай алмайды. Сергейді шұғыл Нұр-Сұлтанға жеткізу қажет. Оның дүйсенбіге дейін күтетін уақыты жоқ. Әзірге екінші көзін аман алып қалу мүмкіндігі барда оны шұғылдатып санавиациямен жеткізу қажет», - деп дабыл қақты әскери қызметкердің туыстары.


Енді ер азаматтың туыстары денсаулық сақтау министрлігіне хабарласып, Маңғыстауға борт жіберуді өтінбек.  


 




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

сенбі, 20.07.2019, 18:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31