Оқиға

"Мен Назарбаевтың адамымын!": желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды

  • https://pikabu.ru/

    https://pikabu.ru/

Алматы қаласында бақылаушы мен жолаушы арасында болған жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Автопарк басшылығы оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Видеодан билет тексеріп жүрген жас бақылаушының жолаушы әйелмен жанжалдасып тұрғанын көруге болады. Артынан бақылаушы шыдай алмай, былапыт сөз айтып, жолаушыны корқыта бастайды.

 

 

"Төлеген жоқсың деймін. 9909-ға төлейсің, 202 емес... Назарбаевтың адамымын мен, Шапыраштымын. Мен сені кез келген жерден тауып аламын", - деді сары киім киген жігіт.

 

Алматы қаласының әкімдігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, видеодағы бақылаушы автопарктің өзінде жұмыс істейді. Ол &ndash "TALAP T" ЖШС қызметкері. Оқиға 22 желтоқсанда №57 бағдарда болған.

 

Бақылаушының айтуынша, тексеріс кезінде жолаушы жолақы төлегені туралы SMS-хабарламаны көрсеткен. Алайда онда автобустың нөмірі, төлем уақыты мен датасы болмаған. Осыдан кейін жігіт жолақыны төлеуді талап еткен. 

 

"Әйел жолақы төлеуден бас тартып, "Магнум" аялдамасында түсіп қалған. Сол жерде екеуі сөзге келген. Бақылаушының айтуынша, жолаушы оған "есексің" деген. Ал ол былапыт сөзбен жауап беріп, әдепсіз ишара жасаған. Сол үшін автопарк қызметкері көпшіліктің алдында кешірім сұрауға дайын. Жанжал осылай басталғанын екінші бақылаушы да растады", - дейді автопарк мамандары. 

 

Әкімшілік қызметкерінің әрекеті үшін кешірім сұрады. Осы орайда мамандар оның бұған дейін тәртіп бұзбағанын атап өтті. Жас бақылаушы сынақ мерзімінен әлі өтпеген. Екі ай ішінде қандай да бір тәртіп бұзушылық анықталса, оны жұмыстан шығарып жібереді.

 

"Сондай-ақ, автопарк әкімшілігі осымәселені жан-жақты зерделеп шешу үшін видео авторынан жолақы төлегені туралы ақпаратты ұсынуды сұрайды. Ішінде тиісті уақыты мен датасы болуы керек", - деп түйіндеді басшылық.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 1825    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.12.2020, 21:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31