Оқиға

Мұхтар Тайжан Марғұлан Сейсембайды сотқа берді

  • https://www.oinet.kz/

    https://www.oinet.kz/

Саясаткер Мұхтар Тайжан танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембайды сотқа берді. Бұл туралы Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі.

 

"Бизнесте де, қоғам өмірінде де айтқан сөздерің мен жасаған әрекеттерің үшін жауап беру керек. Сәуір айында сен мені және отбасымды айыптап жазба қалдырған едің. Ел алдында дебатқа шығуға шақырдым, сен шықпай қойдың, Ал енді айтқан сөздерің үшін сотта жауап бересің. Ал егер өзіңді ақтай алмасаң, бұрынғы атағыңа тағы бір "жала жабушы" деген ат қосылады. Онымен қоймай 10 млн теңге айыппұл төлейсің", - деп жазыпты Тайжан.

 

Сөзінше, ол бұл ақшаны қайырымдылыққа жұмсамақ.

 

"Халық қайғыдан қан жұтып отырғанда, шу шығармау үшін жаздың аяқталғанын қаладым. Қазір ел қайта өздерінің қалыпты өмірлеріне көшуде. Мен бұрынғыдай ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі емеспін, сенің үйінді бақылаған белгісіз тыңшылар да кеткен сыңайлы. Екеуміздің арамыздағы мәселенің нүктесін қоятын уақыт келді", - деп қосты саясаткер.

 

Еске салайық, бұған дейін саясаткер мен кәсіпкердің арасында әлеуметтік желіде жанжал туындағаны айтылған еді. Қоғам қайраткерлерінің арасындағы дау акциялары Марғұлан Сейсембайға тиесілі "Алель Агро" АҚ-ын тексеруден басталған.

 

Мемлекеттік органдар компанияның мемлекеттік субсидияларды мақсатты түрде жұмсап жатқандығына қызығушылық танытыпты. Ал Сейсембайдың жақтастары Мұхтар Тайжанға кәсіпкерді ресми түрде қолдауға өтініш білдірген.

 

Алайда, Тайжан "біреудің ақшасын құртты деп айыпталған адамды үзілді-кесілді жақтай алмаймын", - деді. Бұған жауап ретінде Сейсембай Тайжанға алған ақшалары мен 2016-2017 жылдары оның отбасын "асырадым" деп кесіп айтқан.


 




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

жұма, 28.08.2020, 15:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31