Оқиға

Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректер

  • © Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД

    © Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері Нұр-Сұлтан дәмханасында болған жарылысқа қатысты жаңа деректер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Ведомство мәліметінше, 21 қарашада сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы Halalbrothers дәмханасында газ баллон жарылғаны, салдарынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

 

"Өртсөндірушілер оқиға орнына сағат 12.32-де келген бойда жарылыс салдарынан екіқабатты коттеджге жапсарлас салынған құрылыс пен қазандықтың ішінара қабырғалары және шатыры құлағаны анықталды. Сонымен қатар 20 шаршы метр көлемде жапсарлас салынған құрылыс пен қазандықтың шатыры жанған. 100 шаршы метр қираған (құрылыстың жалпы көлемі 600 шаршы метр). Жарылыс салдарынан асүйдің шатыры құлаған", - деді ТЖМ өкілдері.

 

 

"Елордалық құтқарушылар оқиға орнынан 35 газ баллонды шығарды. Үйіндінің арасынан 1998 жылы туған қызды құтқарды, ол жабық ми және жұлын зақымын алған. Өкіншке қарай, оқиға орнында дәмханада ыдыс жуушы болып қызмет атқаратын 1968 жылы туған әйел адам қаза тапты", - деді ведомстводағылар.

 

 

 

Жедел медициналық көмек бригадасы 34 адамды емханаға жеткізді. Оның ішінде 11-і дәрігер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді, 23-і ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен адамдардың барлығы дәмхана жұмысшылары. Сондай-ақ жарылыс салдарынан 3 автокөлік бүлінгені айтылады.

 

 

"Көлемі 20 шаршы метр өрт сағат 12.58-де сөндірілді. Авариялық-құтқару жұмыстары сағат 16.59-да аяқталды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

 

Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының 56 қызметкері мен 14 бірлік техникасы жұмыс істеді. (...)", - деді министрліктегілер.

 

Еске салайық, 21 қарашада Нұр-Сұлтандағы танымал дәмханада газ баллоны жарылған болатын. Салдарынан асүй бөлмесіндегі шатыр опырылған. Жарылыстан ғимаратта болған әйел ауруханада көз жұмды. 35 адам жарақат алып, 23 адам ауруханаға жатқызылды. Қала әкімі Алтай Көлгінов марқұмның отбасына көмек көрсетілетінін айтты.




Көрілген: 560    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 15:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31