Оқиға

Нұрсұлтанда жолаушылар автобустың жолын жапқан: Автопарк басшылары түсінік берді (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Елордада әйелдер Family village тұрғын үй кешеніне бара жатқан қоғамдық көліктің жолына тұрып алды.

Желіде әйелдердің №47 автобустың қозғалысына кедергі жасап тұрған видео тарады.

"Сендерден бұрын кім өтті, ол неге бізді алмады? Енді сен де тұрасың. Оқушыларды түсіріп кетті, сұмдық",- дейді әйелдердің бірі автобус жүргізушісіне.

Диалогта боғауыз сөз қолданылады. Видео JEXEN NEWS Telegram каналында жарияланған.

"Астана LRT" көлік компаниясы болған оқиғаны түсіндірді.

"13 қараша күні сағат 07:50 шамасында №47 бағытта жүретін автобус бұзылып қалды. Одан кейін келе жатқан осы бағыттағы автобусты адамдар тоқтатып, бұған дейінгі автобустың соңғы аялдамаға неге бармағанын түсіндіруді талап етті", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне компаниядағылар.

№47 автобус жүргізушісіне аялдама қарастырылмаған жерде тоқтап, адамдарды кіргізуге тура келген.

"Жүргізуші боғауыз сөзсіз жауап беруі тиіс болатын. Бұл әрекеті үшін ол көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығына жіберілді. Қайта оқытудан өтеді", - деді компанияның баспасөз қызметі.

 

sputnik




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 09:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31