Оқиға

Оралда ер адам прокуратураның жанында өзін-өзі өртеді (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

28 жастағы Данияр Інжіғали бұған дейін де наразылық акцияларын ұйымдастырған, алайда бұл жолы өзін-өзі өртеу әрекетін жасады. Қайғылы жағдайдың алдын алу қолдан келген. Бұл жағдайға Батыс Қазақстан облысының полиция басқармасында пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Әлеуметтік желілерде пайда болған видеода ер адам тәртіп сақшыларының әрекетіне наразы. Ол үнемі полицияға шақырылып, жасамаған қылмыстары үшін айыпталатынын атап өтті.


"Мен полицияның немесе прокуратураның басшылығына бірінші рет шағым түсіріп отырған жоқпын. Мен бұдан әрі шыдай алмаймын", – деді ол.

 

Смартфонның камерасына түсіріп тұрған оқиғаның куәгерлерінің бірі ер адамды тоқтатуға тырысады. Бірақ ол қолындағы жанғыш сұйықтықты үстіне төгіп, киімдерін өртеп жіберді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты түсінік берді.

 

"Оқиға орнына жедел жәрдем тобы жылдам жетті. Екі жақтың термикалық күйік алған зардап шегуші қалалық көпсалалы ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық, өмірге қауіп төніп тұрған жоқ", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Полиция азаматтық белсендінің прокуратура ғимаратының жанына жалғыз келмегенін атап өтті. Онымен бірге тағы екі блогер болған.

 

Орал прокурорының орынбасары Артур Шоқпанов Інжіғалиға қылмыстық процесті осы сатыда аяқтау мүмкін еместігі туралы түсініктеме берді, өйткені материалдар сотқа жіберіліп, шағымдану мерзімі аяқталды.

 

"Інжігғали өз-өзін өртеу әрекетін жасады. Патрульдік полиция батальоны ауыр зардаптардың алдын алу үшін жедел шаралар қабылдады. Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді. Аталған факт ҚК 24-105 бабы, 1-бөлімі "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша тіркелді, – деп атап өтті Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінде.

 

Назар аударыңыз! Видеода адам шошырлық кадрлар мен бәйәдеп сөздер бар! Бұл видео психикасы тұрақсыз адамдарға, жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмаған адамдарға көруге ұсынылмайды!

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Айта кету керек, Орал қаласындағы өзенде суға түскен 41 жастағы жергілікті тұрғынды моторлы қайық турап кеткен. Марқұмның баласы оны жерлеу үшін басының табылмай отырғанын мәлімдеді.

 




Көрілген: 347    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.06.2020, 09:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31