Оқиға

Оралда шашын боятқан әйел жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

  • Көрнекі фото:  © AP Photo / Ronny Hartmann

    Көрнекі фото: © AP Photo / Ronny Hartmann

Оралда әйел сұлулық салонында шашын боятқаннан кейін жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер анафилаксиялық шок болғанын айтады, деп хабарлайды Мой город порталы.

 

38 жастағы Зүлфия Длимбетова 10 мамыр күні Zama салонына модель ретінде шаш боятуға барады. Бояуды маманның бақылауымен стажер жасап, клиент тек пайдаланылған материал үшін ақы төлеуі керек болған. Әйел дәл осы салонға бірінші рет келгенін айтты.

 

"Мен қаланың әр түрлі салондарында шашымды боятатынмын, алайда ол жерлерде талапқа сәйкес сынама жүргізетін. Zаmа салонында Супру оксидантын араластырды да, екі стажер шашымды бояды. Қасымызда отырған маман бақылап отырды. Осы арада тағы бір клиент келіп, ол шаш қиюға кетіп қалды. Сондай-ақ ол жерде басқа бір клиенттің шашын қиып жатқан салон иесі де бар еді", - дейді жәбірленуші.

 

Зүлфия оксидантты қолданғаннан кейін 20 минуттан соң оның алақаны мен беті қатты қыши бастағанын, кейін бүкіл денесінде қышу пайда болғанын жеткізді. Осы арада ол стажерден бояуды жуып тастап, маманды шақыруды өтінеді.

 

Алайда Оксана есімді шебердің "Бәрінде болады, 20 минут күтсін, кейін жуып тастаймыз", - дегенін еске алады Зүлфия.  

 

15 минуттан кейін әйелге ауа жетпей, тұншығып, құлап түскен. Осы кезде стажер жедел жәрдем шақыруға талпынғанмен салондағылар тыйым салды.

 

Салонның иесі Хадиша есімді әйел өзінің дәрігеріне хабарласып кеңес алады.

 

"Дәрігермен сөйлескеннен кейін олар маған валерьянка беруге тырысты, бірақ менің тіпті су жұтуға әлім болмады, ісініп кеттім. Тырнақтарыма дейін көгеріп кетті", - дейді зардап шеккен әйел.

 

Кейін жедел жәрдем келіп, әйелді ауруханаға алып кеткен. Квинке ісігі мен анафилаксиялық шок диагнозы қойылды. Зүлфия бір тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатқанын, дәрігерлердің көмегімен аман қалғанын алға тартты. 

 

Оның айтуынша, осы уақыт аралығында оған салоннан ешкім қоңырау шалмаған, кешірім де сұрамаған.

 

Осы оқиғадан кейін ағасы салон иесінен жарты миллион көлемінде шығын өтеуін сұраған. Салон иесі саудаласып, маусымға дейін 300 мың теңге ғана беретінін айтқан.

 

"Маған бұл ақша керек емес, заңға сәйкес әрекет етемін. Егер мен өліп кетсем, 500 мың теңге менің кәмелетке толмаған үш баламды құтқара алмас еді", - деп баса айтты Зүлфия.

 

Әйелдің айтуынша, салондағылар бұл оқиғаны жарияламауды өтінген. Салон иесі тіпті оны және ағасын алаяқтар деп айыптап, олардың ақша бопсалаумен айналысатынын айтқан.

 

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі әйелдің анафилаксиялық шок диагнозымен қалалық көпсалалы ауруханаға түскенін растады.

 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданатынын атап өтті.

 

 

 

 

sputnik.kz/




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 11:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30