Оқиға

Оралда төбелестен 9-сынып оқушысының мұрнын сынды

  • © moika78.ru

    © moika78.ru

Экзаменді 4-ке тапсырғаны үшін сыныптасынан таяқ жеп ауруханаға түсті.


Орал қаласындағы №10 мектептің 9-шы классты тәмамдаған Балғын Ізімгерей бүгін ауруханадан шықты. Қажетті ем-домын алып шыққан жасөспірім әлі де басының ауратынын айтады.


Балғын Ізімгерейдің айтуынша оны Нұрәли есімді сыныптасы ұрған. Мемлекеттік емтиханды жақсы бағаға тапсырып шыққан Балғын Нұрәлиге «4» алғанын айтады. Осы сәтте ашуға бой берген ол, Балғынның бетінен басынан және көзінен ұрады.


Дәрігерлер болса жәбірленушінің қазіргі жағдайы бірқалыпты дейді. 27-ші мамыр күні ауруханаға жедел жәрдеммен тұскен ол 3 күн бойы жансақтау бөлімінде ем алған. Өйткені тыныс алу жолдарындағы сүйектері бірнеше жерден зақымданған.


Ал оқушының анасы Рая болса, ұлының осы халге түсуіне себепкер болған Нұрәли есімді Балғынның сыныптасы заң бойынша жазалансын дейді.


Қазір сыныптастар арасындағы жанжалдың ақ қарасын полиция анықтап жатыр.


tdk42.kz


 




Көрілген: 318    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.06.2019, 17:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30