Оқиға

Өскемендік полицейлер 8 қабаттан секірмек болған жігітті тоқтатты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері өзін өлтірмекші болған Өскемен қаласының 24 жастағы тұрғынын тоқтатты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.


Оқиға 9 наурыз күні орын алған.


Күндізгі сағат 15.30 шамасында тәртіп сақшыларын әйел адам хабарласып, бейтаныс жігіттің терезеден секіруге оқталып тұрғанын хабарлады.


Оқиға орнына дереу жеткен тергеуші Сағыныш Сәбиханов пен жедел уәкіл Қанат Дәуітханов пәтердің нөмірін бірден анықтап, сегізінші қабатқа жүгірген.


Бұл кезде төтенше жағдай, жедел жәрдем мамандары да жетіп үлгереді.


Пәтерге кірген бойда тәртіп сақшылары жігіттің терезеден сыртқа шығып алғанын байқапты.


Төмендегі адамдардың ақылы мен жалынышты сөздеріне 24 жастағы жігіт құлақ аса қоймаған көрінеді.


Ол құқық қорғау қызметкері Сағыныш Сәбихановпен тілдесе бастаған. Осыны пайдаланған тергеуші жылы сөзбен жігітті баурай беріпті.


Куәгерлердің айтуынша, келіссөз бір сағатқа жуық уақытта созылған.


Нәтижесінде 24 жастағы жігіт өзін өлтіру ойынан бас тартыпты.


 




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.03.2019, 22:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31