Оқиға

Пәтерінде құлап, баласына есік аша алмаған: СҚО-да әйел құтқарылды

  • Пәтерінде құлап, баласына есік аша алмаған: СҚО-да әйел құтқарылды

    Пәтерінде құлап, баласына есік аша алмаған: СҚО-да әйел құтқарылды

Петропавлда бір күнде екі әйел құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Бірі өздігінен саусағындағы сақинасын шеше алмаса, екіншісі пәтерінде құлап, баласына есігін ашуға шамасы келмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 8.00 шамасында «112» номіріне Петропавлдағы 20-ықшамауданның 45 жастағы тұрғыны хабарласқан. Әйел саусағының ісіп, сақинаның шешілмей жатқанын айтқан. Құтқарушылар оған санаулы минутта көмек көрсетті.

«Сақинаны әйелге зиян келтірмей абайлап шешу қажет болды. Арнайы қайшыны қолдандық. Бұған дейін де бірнеше әйелге осындай көмек көрсеткенбіз. Ал бір жағдайда баланың саусағынан ойыншық дротиктің шығыршығын кесіп алдық», - дейді құтқарушылар тобының жетекшісі Опал Жолдаспаев.

Сол күні кешкі сағат 20.00-дер шамасында тағы бір әйелге құтқарушылардың көмегі қажет болды. «112» қызметіне ер адам хабарласып, Петропавлдағы Хоменко көшесіндегі шешесінің пәтеріне кіре алмай жатқанын айтқан. Ол 78 жастағы анасының үйде екенін айтқан, есіктің сыртынан әйелдің көмек сұраған даусын естіпті.

Құтқарушылар ер адамның рұқсатымен альпинистік жабдықты қолданып, қабатта орналасқан пәтерге терезе арқылы кірді. Үй иесі әйел ас бөлмесінің кіреберісінде құлаған екен. Қозғалуға шамасы болмаған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі әйелді ауруханаға алып кетті.

«Біздің жұмыста мұнда й жағдайлар жиі болып тұрады. Көбінесе жалғызілікті көршілеріне алаңдаған тұрғындар хабарласады. Шақыртуға барамыз. Кейде жедел жәрдем қызметін шақырамыз, кейде оған кеш болып жатады», - дейді құтқарушылар тобының жетекшісі Нұрболат Айсин.




Көрілген: 798    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.06.2021, 12:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30