Оқиға

Павлодар облысында әкесі мен баласы Ертіс өзеніне батып кетті

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Жергілікті тұрғындар 1998 жылы туған жігіттің денесін судан алып шықты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

 

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

 

«1 тамыз күні Ертіс өзенінің Сынтас ауылынан бес шақырым жердегі жағалауында отбасымен бірге демалуға келген әкесі мен ұлы суға батып кетті. Оқиға орнына келген өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел құтқару жасағының сүңгуірлер тобы 1973 жылы туған отағасын іздеу жұмыстарын әлі жалғастырып жатыр. Оның денесі бүгінгі күнге дейін табылмады», - дейді департаментте.

 

ТЖД аймақ тұрғындары мен қонақтарына облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиевтің №8 қаулысының 10-тармағына сәйкес өңірдің қоғамдық жағажайларының қызметіне тыйым салынғанын еске салады.

 

Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері күн сайын шомылуға тыйым салынған жерлерде рейдтер жүргізеді. Ресми коммуналдық жағажайлардың карантин кезінде жабылуына байланысты облыс орталығының тұрғындары Усолка өзенінің сол жағалауында, Ертістің жылы ағысында, шоферлер жағажайында, «Зеленая роща» демалыс базасының жанында шомылуды әдетке айналдырды. Бұл орындар шомылуға тыйым салынған және мұнда шомылу өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

 

«Қоғамдық жағажайлардың жұмысына тыйым салынғанына қарамастан, аймақ тұрғындары облыстың су айдындарында шомылуды доғарар емес. Адамдар жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылғандықтан, судағы қайғылы жағдайларға әкеп соқтырады. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 440-бабы бойынша 29 адам қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 225 адам 364-бапты бұзып, тыйым салынған жерлерде шомылған», - дейді департаментте.

 

24.kz
 




Көрілген: 327    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.08.2020, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30