Оқиға

Павлодарда жоғалған16 жастағы студент қыз табылды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Полицейлер Павлодар политехникалық колледжінің 1-курс студенті Камила Сторожукті тапты. Ол сүйіктісімен бірге жалға алған пәтерде жасырынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Студенттің табылғанын алдымен павлодарлық еріктілер әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Кейін бұл ақпаратты полиция мен Камиланың ата-анасы растады.

 

"3 наурызда кешкісін полицейлер Камиланың бөлімшеде екенін хабарлады. Оның қасында жігіт болғанын айтады. Жігіт 21 жаста. Бір кездері ол қызыммен кездескісі келген, бірақ мен қарсы болғанмын. Камила жоғалып кеткен кезде оған хабарластық, бірақ ол қызымды көптен бері көрмегенін айтты", - деді қыздың анасы Ляйля Усманова.

 

Полиция мәліметі бойынша, қыз жігітпен бірге Павлодардағы мөлтек аудандардың бірінде пәтер жалдаған. Қазір қыз бала үйінде. Полиция екеуімен де профилактикалық жұмыс жүргізген.

 

Еске салайық, 16 жастағы Камила Сторожук 19 ақпанда жоғалып кеткен болатын.

 




Көрілген: 170    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.03.2020, 10:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30