Оқиға

Петропавлда тепловоз бен автокөлік соқтығысты – фото

  • https://www.instagram.com/skopetro/?utm_source=ig_embed

    https://www.instagram.com/skopetro/?utm_source=ig_embed

Петропавлда теміржол өткелінде тепловоз бен автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

"ТОҚТА" белгісін ескермеген ВАЗ 2110 көлігінің 41 жастағы жүргізушісі реттелетін теміржол өткелінде №1216 тепловозымен соқтығысты. Апаттың алдын алуға тырысқан тепловоз машинисі шұғыл тежеуді іске қосқанымен, әрекет нәтижесіз болған.

 

 

"Оқиға салдарынан ВАЗ 2110 көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігімен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді", – делінген хабарламада.

 

Айта кетейік, осы жағдайға байланысты кінәлілер Әкімшілік кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша (көлік құралын жүргізушілердің жол қозғалысы ережесін бұзу арқылы адам денсаулығы мен көлікке немесе өзге де мүліктерге зиян келтіру) әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, Оңтүстік-Орал теміржолына келтірілген материалдық шығын көлемі де анықталып, тиісті шара қолданылады.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 10:59

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31