Оқиға

Петропавлдықтар түнгі аспанда түсініксіз құбылыс көрген

  • Петропавлдықтар түнгі аспанда түсініксіз құбылыс көрген

    Петропавлдықтар түнгі аспанда түсініксіз құбылыс көрген

Петропавлдықтар жат планеталық қонақтарды жаппай талқылап жатыр. Тұрғындар түнгі аспанда түсініксіз құбылыс көрген. Жарқ-жұрқ етіп ұшқан белгісіз нысан жұртты шынымен қорқытып тастағанға ұқсайды.


Аспандағы ғажайып көріністі көріп алғашқыда үрейі ұшса да, тұрғындар ұялы телефондарына түсіріп алыпты. Артынша ғаламторда қызу талқы басталды. Петропавлдықтар бұны бірден жат планеталық аппарат деп қабылдаған. Бұл көріністі Қазақстанның басқа өңірлері мен Ресейдің шекаралас аудандарында да байқапты. Олар да «жат планеталықтар» деп ұйғарған. Кешікпей, Ресей Қорғаныс министрлігі құрлықаралық «Тополь» баллистикалық зымыранын ұшырғанын хабарлап, видеосын таратты. Осыдан соң ғана дүрліккен жұрт тынышталды. Зымыран Ресейдің Капустин Яр полигонынан оқу-жаттығу мақсатында ұшырылған.


Андрей Солодовник, физика-математика ғылымдарының кандидаты: - «Тополь» зымыранын жіберген кезде жер мен әуе арасында оның ғарыштық жолы көрінеді. Яғни, ауаның жоғарғы қабатында жанған жанармайдан ауаның иондануы себепті мынадай үлкен жарқыраған конус пайда болады. Ал зымыранның бас жағы нақты көрінбегенімен ұшып бара жатқанда жарқжұрқ еткені ғана байқалады. Бұл сол сәттер.


ktk.kz


 




Көрілген: 755    Пікірлер: 0

сенбі, 30.11.2019, 15:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31