Оқиға

Шарын шатқалында 2 адам қаза тауып, 6 адам зардап шекті

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалында қайғылы оқиға болды. Сел салдарынан алты адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"29 мамырда сағат 13.35-те Алматы облысы ТЖД-ға Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалының төменгі бөлігінде балшық-сел жүргені туралы хабарлама келіп түсті, салдарынан 6 адам зардап шекті, 2 адам қайтыс болды, оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған, бір адам хабар-ошарсыз кетті", - делінген хабарламада.

 

Зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсетілді, хабар-ошарсыз кеткен адамдарға іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

 

Балшық-сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруінен болған. Қысқа мерзімді нөсер жаңбыр болғаны хабарланды. Шамамен 15 минут бұршақ жауған.

 

Оқиға орнында Алматы облысының ТЖД (31 қызметкер және 8 техника), 4 жедел медициналық жәрдем көлігі мен оның 6 қызметкері, ЖАО және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

 

 

 

 




Көрілген: 692    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 17:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31