Оқиға

Шекараны заңсыз кесіп өтудің жаңа түрлері пайда болды

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Пандемияға қарамастан, мемлекеттік шекара арқылы заңсыз әрекет тоқтамауды. Карантиндік шектеулер жағдайында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту үшін қолданылатын амалдардың жаңа түрлері пайда болды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Мәселен, өткен аптада «Қарасу» (Жамбыл облысы - 1 факт), «Тәжен» (Маңғыстау облысы - 1 факт), «Жайсаң» (Ақтөбе облысы - 1 факт), «Қарақоға» (СҚО - 1 факт), «Қайрақ» (Қостанай облысы - 2 факт), «Урлютөбе» (Павлодар облысы - 2 факт) автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің көптеген әрекеттерінің жолы кесілді.

 

Жүргізушілер жалған жүргізуші куәліктерін қолдана отырып, халықаралық жүк тасымалының шекарадан өтуіне негіз болатын екінші жүргізушісі ретінде шекараны заңсыз кесіп өтуге тырысқан.

 

Барлық көрсетілген жағдайларда «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша тексеру материалдары көлік құралдарымен бірге уәкілетті органдарға берілді.

 

Бұдан басқа, бір күннің ішінде - ағымдағы жылғы 18 қарашада «Қарасу» (Жамбыл облысы), «Жайсаң» (Ақтөбе облысы), «Жаңа жол» және «Қарақоға» (СҚО) өткізу пункттерінде жалған құжаттар мен сәйкестендіру нөмірлері бар автомобильдерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 4 әрекетінің жолы кесілді.

 

Жалпы, карантиндік шектеулер кезеңінде, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекеттері кезінде жалған жүргізуші куәліктерін пайдаланған 113 адам (Қазақстан - 51, Қырғызстан - 30, Өзбекстан - 20, Тәжікстан - 7, РФ - 5), 35 адам - жалған медициналық анықтамалар, сондай-ақ қазақстандық медициналық мекемелерден жалған шақырулары бар 42 шетелдік анықталды.

 

Қазақстандық шекарашылар шекара арқылы заңсыз өту арналарын жабу және контрабандалық жүктерді өткізу бойынша белсенді іс-шараларды жалғастыруда.

 

 

 

egemen.kz




Көрілген: 634    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 01:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31