Оқиға

ШҚО-да әйелдерге тиіскен полицей қызметтен қуылды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары полиция қызметкеріне айып тақты. Ақпарат расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған видеоға түсінік берді. Онда ер адам әдепсіз сөйлеп, кадрдан тыс тұрған әйелдерге оқталады. Оны басқа біреу ұстап тұр.

 

"Курчатов қаласының полиция қызметкері Дархан бізге тиісе бастағанда біз қыздармен кафеде отырдық. Оған "Бізге қол тигізбе!" дедік. Бірақ тағы бір ескертуден кейін ол полиция қызметкеріне жат әрекет жасай бастады. Бізді қорғап қалған ер адам болмаса, не боларын білмеймін де! ШҚО полиция департаментінен осы полиция қызметкеріне қатысты шаралар қабылдауды сұраймыз", - деді зардап шеккен қыздар әлеуметтік желілерде.

 

 

ШҚО ПД өкілдері оқиғаға түсінік берді.

 

"Аталған дерек бойынша ШҚО ПД қауіпсіздік басқармасы дереу қызметтік тексеру жүргізді, қызметкердің кінәсі анықталды. Аталған факт тәртіптік комиссияда қаралды", - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

Ведомство мәліметінше, ШҚО ПД басшысының 26 наурыздағы бұйрығымен ер адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды.

 

Сонымен қатар, бөлімшенің басшылары қатаң тәртіптік жауапқа тартылды.

 

 

 

        




Көрілген: 251    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.03.2021, 09:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31