Оқиға

ШҚО-да жоғалып кеткен 16 жастағы қыз табылды

  • Фото: novostipmr.com

    Фото: novostipmr.com

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жоғалып кеткен жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері интернет-ресурстарына мониторинг жүргізу барысында кәмелеттік жасқа толмаған қыздың жоғалып кеткендігі жайлы ақпаратты көрген.

 

Үйден шығып кеткен жасөспірім сол күйі қайтып оралмапты. Ал ата-анасы полицияға хабарласпай, әлеуметтік желі арқылы іздеу салған.

 

«Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы аттанып, барлық полицейлер жоғалған қызды іздеуге кірісті. Жасөспірімнің баруы мүмкін жерлері, ауданға жақын орналасқан елді мекендер түгел тексерілді. Бір тәулік ішінде қыз аман-есен табылды. Белгілі болғандай, ол достарымен бірге жүрген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

 

16 жастағы қыздың денсаулығына ешқандай зиян келмеген. Қазір жасөспірім ата-анасына қайтарылды.

 




Көрілген: 426    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 10:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31