Оқиға

Шымкент әкімі Арыс тұрғындарына ұрысты: Алдымен әйелдеріңе ие болыңдар, сосын ел туралы айтасыңдар

  • Шымкент әкімі Арыс тұрғындарына ұрысты: Алдымен әйелдеріңе ие болыңдар, сосын ел туралы айтасыңдар

    Шымкент әкімі Арыс тұрғындарына ұрысты: Алдымен әйелдеріңе ие болыңдар, сосын ел туралы айтасыңдар

 Арыс тұрғындарымен кездескен қала әкімі ашуын баса алмай, өзіне айып таққан тұрғындарға ұрысты. Бұл сәттің видеосы желіде тарады.


"Тілім бар екені деп әр нәрсені айта бересіңдер. Біз ойнап жүрген жоқпыз. Қолдан келгенді жасап жатырмыз. Осы мәселені шешіп жатырмыз күн-түн демей. Біз де пендеміз ғой, құдай болсам бәрін бір күнде ретке келтірер едім. Мен құдай емеспін. Еркектерге не жоқ, әйелдерді жарайды. Алдымен әйелдеріңе ие болыңдар, сосын ел туралы айтасыңдар. Әйелдеріңе ие болмай тұрып, маған ақыл айтасыңдар", - деді ашуға мінген әкім.


Бұл ретте тұрғындар арасында әкімді қолдағандар да, қарсы болғандар да бар.


"Дұрыс айтасыз, рахмет, сөзіңізді қолдаймын", "Не үшін рахмет айтуымыз керек", деп екіге бөлінді көпшіліктің пікірі.


Айта кетсек, маусымның 27-сі күні, шамамен сағат 11 кезінде Арыс тұрғындары Шымкенттегі "Бекжан" базары мен "Ақмешіт" мешіті алдындағы көшені жапты. Олар Арыс қаласындағы жарылыстан кейін аталған мешітті уақытша паналап жатқан болатын.


Шымкент қалалық әкімдігінің шенеунігі наразы халықты мешітке қарай шақырғанымен, жұрт оған бағынудан бас тартты. Әкімнің келуін күтетінін, үй мен жер беруін сұрайтынын жан-жақтан айтты. Ғабидолла Әбдірахымов Арыс тұрғындарының талаптарына жауап берді.


Stan.kz




Көрілген: 4418    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.06.2019, 18:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31