Оқиға

Шымкент-Сарыағаш тас жолындағы жол апаты: 15 адам зардап шекті (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Түркістан облысында төрт көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Тас жолда болған ірі апаттың видеосын редакциямызға оқырмандар жіберді. Мұндай кадрлар әлеуметтік желілерде де тарады. Видеодан апат салдарынан бір көліктің жанып жатқаны көруге болады.

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысы Қазығұрт ауданында бір бағытта қозғалып келе жатқан төрт автокөлік соқтығысқан. Салдарынан көліктердің бірінен өрт шыққан.

Оқиға болған жерде Түркістан облысы ПД тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары болған жағдайды анықтауға кірісті.

Ал Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жол жүру ережесін сақтау және ауа райы нашар жерлерде сақ болу керек екенін ескертті.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, төрт автокөліктің соқтығысуы салдарынан 15 адам зардап шеккен.

"Қазығұрт аудандық ауруханасына 14 адам жеткізілді. Біреуі қалды, ол дәрігерлердің көмегіне мұқтаж болмады. Жеті адам реанимацияға жеткізілді, жағдайлары ауыр. Травматологияда үшеуі жатыр, төртеуі үйіне жіберілді. Облыстық аурухананың нейрохирургтері аудандық ауруханаға санавиациямен келді. Бір науқасқа ота жасалып жатыр, екіншісін де дәрігерлер отаға дайындау үстінде", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 




Көрілген: 624    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.11.2019, 17:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31