Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

СҚО-да аң аулап жүрген ер адам абайсызда серігін атып өлтірді

08 тамыз 2022, 17:24

Солтүстік Қазақстан облысында 55 жастағы ер адам өзімен бірге аң аулауға шыққан 64 жастағы жерлесін абайсызда атып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 6 тамыз күні Шал ақын ауданының Неждановка ауылы маңындағы орманда болған.

55 жастағы Айыртау ауданының тұрғыны аң аулау кезінде елікке оқ атқан, алайда, бытыраның бір бөлігі қасындағы серігіне – 64 жастағы Айыртау ауданының тұрғынына тиген.

Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Бұл факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-1-бабы «адам өлтіру» бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданбақ.

Естеріңізге салайық, осыған ұқсас оқиға 11 шілде күні Жамбыл ауданы Бауман ауылының маңында болған еді.

Елді мекен тұрғыны 65 жастағы ер адам жидек теріп жүрген ауылдасы – 51 жастағы Алтынай Мұздақбаеваны абайсызда атып өлтірді деген күдікке ілініп, қамауға алынды.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігі «абайсызда адам өлтіру», 287-бабының 3-бөлігі «атыс қаруын, оқ-дәрі, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, ұстау, өткізу» бойынша айып тағылды.

Кейін ҚК 370-бабының 4-бөлігімен Жамбыл ауданы Озерное ауылының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бұрынғы учаскелік инспекторы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.