Оқиға

СҚО-да элеватор аумағында өрт шығып, бір адам мерт болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Солтүстік Қазақстан облысындағы Тимирязев ауданындағы элеватор аумағында өрт шығып, салдарынан бір адам иіс тиіп қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 7 маусым күні Тимирязев елді мекенінде болған. Өрт сөндіру қызметіне сағат 14.10 минут кеткенде Тимирязев элеваторы аумағындағы астық қабылдау пунктіндегі темір ұстасының бөлмесінде өрт шыққандығы жөнінде хабар түседі.


«Біздің мамандар өрт сөндіруге шыққан жоқ. Элеватор қызметкерлері жалынды байқай салысымен бірден өз күштерімен сөндірген. Бөлмедегі жартылай жанған төсек-орыннан 1990 жылы туған ер адамның денесі табылды. Ол иіс тиіп қаза тапқан. Мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі мен келген шығын мөлшері анықталатын болады», - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев.

 

Өрт алдын ала болжам бойынша, сөндірілмеген темекі тұқылынан шығуы мүмкін.

 




Көрілген: 298    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.06.2020, 02:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31