Оқиға

Солтүстік Қазақстанда үйден ағалы-інілі екі ер адамның денесі табылды

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Петропавлда барақ типті үй жанып кетті, өрт сөндірушілер екі адамның мәйітін тапқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

"4 наурызда сағат 00:55-те өрт сөндіру қызметіне Жұмысшылар кентінде барақ типті төрт пәтерлі үй жанып жатқаны туралы хабар түсті", - деп мәлімдеді ТЖД-дан.

 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде, қызыл жалын үйді толығымен шарпыған. Үйден он адам, соның ішінде екі бала эвакуацияланды, екі газ баллоны шығарылды. Өртті сөндіру кезінде 1974 және 1978 жылғы екі ер адамның денесі табылды. Олар ағалы-інілі болған.

 

"Өртке тұтанған сіріңке немесе темекі тұқылы себеп болуы мүмкін", - деді департаменттен.

 

Өрт шамамен жарты сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 13 адамы мен үш техника жұмылдырылды.

 

Жыл басынан бері облыс аумағында 77 өрт тіркелді, оның 58-і тұрғын үй секторынан шыққан. 11 адам көз жұмды, оның ішінде екі бала бар.


 




Көрілген: 230    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.03.2020, 11:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30