Оқиға

Талғарда самокат айдап жүрген 3 жасар қызды көлік басып кетті

  • Көрнекі фото.  © Sputnik / Стрингер

    Көрнекі фото. © Sputnik / Стрингер

Талғарда автокөлік самокат мінген үш жасар қызды қағып кетті. Бүлдіршін алған жарақатынан қайтыс болған. Қайғылы оқиғағаның мән-жайын Алматы облысының полиция департаменті айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды.

 

2 тамыз күні самокат мінген кішкентай қыз көлік астына түскен. Жүргізуші болған жайтты бірден байқамай, асфальтқа түскен ойыншықтың дауысынан соң тоқтаған.

 

Осы мезетте оқиға орны маңынан учаскелік инспектор өтіп бара жатқан. Ол патрульдік көлікпен зардап шегушіні шұғыл ауруханаға жетізген. Алайда қызды аман алып қалу мүмін болмапты.

 

Алматы облысы полиция департаментінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 2 тамыз күні Талғардағы Қашқари көшесіндегі үйдің ауласында болған. "Mercedes Sprinter көлігінің 24 жастағы жүргізушісі үйдің ауласына кіріп, 2018 жылы туған қызды басып кетті. Оқиға орны маңында болған Талғар аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы адамдардың жиналған себебін біліп, жәбірленушіні әкесімен бірге дереу ауруханаға жеткізді. Алайда 3 жасар қыз бала алған жарақатынан көз жұмды", - деп хабарлады ведомство.

 

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкелген жол ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

 

 




Көрілген: 373    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.08.2021, 15:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30