Оқиға

Таразда 6 жасар бала оныншы қабаттан құлап кетті

  • https://kp.ua/

    https://kp.ua/

Жамбыл облысы Тараз қаласында 6 жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ол туралы облыс облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

«2020 жылдың басынан бері Тараз қаласында 5 бала терезеден құлап кетті. Олардың төртеуі тірі, алайда соңғы оқиға қайғылы жағдайға алып келді. Атап айтсақ, 25 шілдеде алты жасар бала ата-анасының қараусыз қалып он екі қабатты тұрғын үйдің 10-қабатының терезесінен құлап, сол жерде қайтыс болды», - дейді департаменттің баспасөз хатшысы Сәуле Мұңатаева.

 

Сондай-ақ, департамент мамандары тұрғындар мен ата-аналарды сақ болуға шақырып, терезелерге қорғаныс торын орнатуды керектігін ескереді.

 

«Бала терезені өзді аша алмайтындай етіп терезелерге блокаторларды орнатыңыздар! Ешқашан шыбын-шіркей торына сенім артпаңыздар! Олар қорғамайды. Керісінше, масаларға арналған тор қайғылы жағдайға әкеліп соғады. Өйткені бала өзін қауіпсіз сезініп, оған сүйенуге ұмтылады. Көбіне балалар осы тормен бірге құлайды. Жазда ыстықта көптеген ата-ана ашық терезе бала үшін қауіпті екенін ұмытып кетеді. Барынша сақ болған жөн»,-делінген ведомство хабарламасында.

 




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 22:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30