Оқиға

Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз іздестіріліп жатыр

  • https://tumba.kz/

    https://tumba.kz/

Түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті 4 күннен бері іздеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат үш шамасында әскери бөлімнен ешкімге ескертпестен өз еркімен кетіп қалған. Жанындағы серігі де байқамаған. Сарбаз әлі 6 ай әскери борышын өтеуі керек.

 

Нұрасылдың кетіп қалғанына әскерилер таңғалып отыр. Себебі, басқалармен қарым-қатынасы жақсы, сабырлы жігіт - дейді.

 

Жауаптылар оның қолында қару жоқ екенін мәлімдеді. Ал, сарбаздың туыстары оның қашып кеткеніне сенбейді.

 

Гүлжан Арысбаева сарбаздың анасы:

 

- Соңғы мәрте 20-сында звондады маған, «бәрі жақсы мама, уайымдамаңыз» деп. «Ешкім ренжітіп жатқан жоқ па», деп сұрадым. «Жоқ, бәрі жақсы, уайымдамаңыз, балалар да жақсы, командирлер де жақсы», деді.

 

Бауыржан Дүйсенбаев, 8595 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

 

- Не себептен қашып кеткенін, не себептен әскери бөлімді тастап кеткені бізге беймәлім. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша және Тараз қаласыгда осы әскери бөлімнің қызметкерлерімен және құқық қорғау органдарымен Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлерімен іздестіру шаралары жүруде. Нәтиже әлі болған жоқ.

 

 

 




Көрілген: 260    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 11:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31