Оқиға

Таразда мас күйінде төбелескендер камераға түсіп қалған

  • Таразда мас күйінде төбелескендер камераға түсіп қалған

    Таразда мас күйінде төбелескендер камераға түсіп қалған

Таразда ішіп алып төбелескен ер адамдар қалалық жедел басқару орталығының камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейне бақылау барысында Тараз қаласы Полиция басқармасының «102» жедел басқару орталығының кезекшісі таңғы сағат 07:00 шамасында екі ер адамның арасындағы төбелесті байқаған.

Ұрыс-керіс кезінде жанжалға қатысушылардың бірі екіншісіне дене жарақатын салып, оқиға орнынан жасырынуға тырысқан.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қақтығыс болған жерге дереу келген патрульдер оларды қолға түсірді. Белгілі болғандай, ер адамдар мас болған.

«Тараз қаласының 27 жастағы тұрғыны ізін суытпай ұсталды. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,-делінген ведомтсво хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу амалдары жүріп жатыр.




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.07.2021, 12:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30