Оқиға

Теміртауда жолаушылар отырған автобус жарға құлап кетті (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Теміртауда жолаушылар отырған автобус жарға құлап, салдарынан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

 

Жол апаты 27 мамырда "АрселорМиттал Теміртау" цехінің маңында болған.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, 33 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жолдан ұшып кетіп, жарға құлап кеткен. Автобуста 19 адам болған, олардың бесеуі түрлі жарақат алған.

 

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CAspw6JHqiI/

 

"Жол апатынан бес адам зардап шекті, төртеуі ауруханаға жеткізілді. Тағы бір адам кейін медициналық көмекке жүгінді. Тағы үш адамның миы зақымданған. Олар медициналық тексерістен өтіп, амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберілді", - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

 

Өңірлік полицейлер қазіргі уақытта осы жағдай бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 12:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31