Оқиға

"Тоқтатшы, түсіп қалайық!". Отбасымен апатқа ұшыраған мас жүргізушіге қандай шара қолданады?

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Атырауда салонында әйел мен екі бала отырған көліктің жол апатына ұшырау дерегіне қатысты іс қозғалды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Назымгүл Қайсағалиева мәлімдеді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.


Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша жүргізіліп жатыр.


Автомобильді жүргізуші адамның абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы 160 АЕК (404 мың теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.


Еске салайық, Атырауда мас жүргізуші жол апатына ұшырады, көлік салонында жүргізушінің балалары болған. Оқиға наурыздың 29-на қараған түні Атырау қаласында болды.


"Toyota Hiace маркалы автокөліктің жүргізушісі Азаттық көшесімен кетіп бара жатқан. Бір бағытта онымен бірге Nissan Maxima қозғалған. Әуезов және Азаттық көшелерінің қиылысындағы айналма жолда Toyota Hilux жүргізушісі басқаруды игере алмай, Nissan Maxima автокөлігін соққан. Ары қарай көкөніс сататын павильонды қиратқан. 1986 жылғы жүргізуші көлікті мас күйде жүргізген. Сонымен қатар, көлікте оның жары мен екі баласы (2012 және 2015 жылғы) отырған. Балалардың бірі ауруханаға түсті, сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Медициналық қорытынды шыққанан кейін шара қолданылады", - деді Назымгүл Қайсағалиева.


Видеода көлікте отырған әйелдің жүргізушіден тоқтауын сұрап, жолға қарауын өтінген.


 




Көрілген: 709    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.04.2019, 17:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31