Оқиға

Тойда тост айтуға шығып, аспанға оқ атқан жігіт көпшіліктен кешірім сұрады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Тойда тілек айтуға шығып, оқ атқан жігітке қатысты полиция мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, елдің зәресін ұшырған азамат дыбысты-жарықты тапанша қолданған.

«Тапаншамен аспанға оқ атқан 26 жастағы азамат анықталды. Ол - Алматы қаласының тұрғыны. Ол тілек айтуға шығып, дыбысты-жарықты тапаншамен жоғары жаққа қарай атқан. Қазір әкімшілік кодекстің 436-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, сараптама тағайындалып, тапанша тәркіленді. Той иесі мен мейрамхана қожайынына қатысты да тексеру жүріп жатыр»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тойда тілек айтуға шыққан азаматтың бірі кенеттен жоғарыға қарай оқ атып, желі қолданушыларын шошытқан болатын.

«Мен, Издиев Хабиболла, Алматы қаласының тұрғынымын. Тойда тілек айтуға шығып, аспанға төрт рет оқ аттым. Бұл әрекетім үшін көпшіліктен кешірім сұраймын. Бұндай әрекет екінші мәрте қайталанбайды»,- дейді бейнежазба авторы.




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 21:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31