Оқиға

Түркістан облысында жоғалған студенттер туралы тың дерек

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Түркістан облысының құтқарушылары Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған 7 адамды іздестіріп жатыр. 21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алып, содан бері қайта оралмаған. Жалпы, олар 24 мамырда үйіне оралуы керек болған.

 

Қазір облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жоғалған жетеуді іздестіріп жатыр. Іздестіру жұмыстары үшін арнайы үш топ құрылып, оның құрамына 25 ТЖД қызметкері мен жоғалған азаматтардың туыстары кірді.

 

Otyrar.kz сайтының хабарлауынша, Түркістан облысында жоғалған жеті адамның алтауы – Назарбаев университетінің 4 курс студенттері. Тағы бірі – Кентау лицейінің түлегі.

 

Екі жігіт – Ақтөбе, үшеуі – Атырау, қалғаны Орал және Жезқазған қалаларынан. Құтқарушылар тауға кеткен жеті азаматты үш күннен бері іздестіріп жатыр. 21 мамыр таңғы сағат 8-де олар саябақтың бақылау-өткізу пунктінде тіркеуден өткен.

 

Бұған дейін Түркістан облысында 7  туристің жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 881    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.05.2021, 19:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31