Оқиға

Түркістан облысында жоғалып кеткен 14 жастағы қыз табылды

  • Фото: otyrar.kz

    Фото: otyrar.kz

Қазір 14 жасар қыз баланың үйінен ешкімге айтпастан шығып кетуіне не себеп болғанын анықтау мақсатында тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Түркістан облысы Ордабасы​ ауданында 14 жасар қыз бала жоғалған. 28 мамыр күні жасөспірім​ үйінен белгісіз жаққа шығып кетіп қайтып келмеген. Ата-анасы қызын өз беттерінше әбден іздеп таппаған соң тәртіп сақшыларынан көмек сұраған, деп жазады Otyrar.kz.


Ордабасы аудандық полиция бөлімінің полицейлері жоғалған қыз баланың ерекше белгілері бойынша іздеуге кіріседі. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жасөспірім қызды анасының танысының үйінен тапқан. Полицейлер​ табылған қыздың денсаулығына төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ екендігін анықтаған. Қазір 14 жасар қыз баланың үйінен ешкімге айтпастан шығып кетуіне не себеп болғанын анықтау мақсатында тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Қыздарынан қапияда көз жазып қалған ата-ана арыз түскен сәттен бастап, жедел әрекет етіп, қызын аман-есен тауып берген тәртіп сақшыларына дән ризашылығын білдірді.


Сарыағаш ауданында жас ана сауда орталығында сауда жасап жүріп 4 жасар қызынан көз жазып қалған. Қапияда қасына ерткен қызын жоғалтып алған анасы ірі сауда орталығының ішін, сол аумақтан шарқ ұрып іздеген. Таба алмай шарасы таусылған ана полицияға арызданған. Қасындағы қызынан қапелімде көз жазып қап өкінген ана бар үмітін тәртіп сақшыларына артады. 4 жасар бүлдіршінді іздестіруге жедел кіріскен полицейлер жоғалған аумақты басты назарға алады. Нәтижесінде бірер сағатта 4 жасар қыз баланы тауып, анасымен қауыштырды. Айта кету керек,​ жыл басынан бері осымен жоғалған 9-шы баланы тәртіп сақшылары іздеп тауып, аман -есен ата- аналарына табыстап отыр. 


sn.kz




Көрілген: 2584    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.05.2019, 18:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31