Оқиға

Түркістан облысында студенттер жол үстінде "дискотека" ұйымдастырған (видео)

  • Түркістан облысында студенттер жол үстінде

    Түркістан облысында студенттер жол үстінде "дискотека" ұйымдастырған (видео)

Түркістан облысында жол ережелерін бұзған кортеж ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Түркістан облыстық ПД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жол қауіпсіздігі ережесін бұзып, бірнеше автокөлікпен "кортеж" ұйымдастырғандар жайлы бейнежазба таралған.

"Тексеру кезінде оқиға Түркістан облысының Төле би ауданында орын алғаны анықталды. Тәртіп бұзушылардың жеке басын анықтау мақсатында Төле би АПБ-нің полицейлері барлық қажетті іс-шараларды жүргізіп, жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.Тәртіп бұзушылар Шымкент қаласындағы колледждердің бірінің студенттері болып шықты, олар Төле би ауданы арқылы Қазығұрт ауданына өтіп бара жатқан.Нәтижесінде полиция қызметкерлері 2 "Мерседес" көлігінің жүргізушілері мен "Лада" және "ВАЗ" автокөліктерінің жүргізушілерін анықтады", -делінген ресми хабарламада.

Полиция қызметкерлері "Мерседес" жүргізушілерін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы "жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау" және 601-бабы "жолдың жүру бөлігінде жол белгілері мен таңбалармен белгіленген талаптарды сақтамау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тәртіп сақшылары сондай-ақ қалған көліктердің иелерін анықтады. Аталған "ВАЗ "және" ЛАДА " автокөліктері айыппұл тұрағына қойылады.

 




Көрілген: 287    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 12:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31