Оқиға

"Түрмедегі той": Атырауда жазасын өтеп жатқан қалындық, сөз байласқан жігітіне тұрмысқа шықты

  • "Түрмедегі той": Атырауда жазасын өтеп жатқан қалындық, сөз байласқан жігітіне тұрмысқа шықты

Атырауда түрмеде қос ғашықтың үйлену тойы өтті. Жазасын өтеп жатқан қалындық, бостандықтағы сөз байласқан жігітіне тұрмысқа шықты. Олардың тойына түзету мекемесіндегі қызметкерлер ғана куәгер болды. Ал бостандықта ата-ана, бауырлары қолдау білдірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.


Темір тордың ар жағында той барлық рәсімдерге сай өткен. Мәселен қалыңдық өміріндегі ең маңызды күнге моншақтармен көмкерілген ақ көйлегін киіп, әдемі фатасын тағып, сәнді шаш үлгісі жасаған.


Күйеу жігіт те сәнденіп алған.


Ал Азаматтық хал актілерін тіркеу маманы неке куәлігін табыстап, жас жұбайлар неке сақинасымен алмасқан.


"Мен ешқашан түзету мекемесінде тұрмысқа шығамын деп ойлаған жоқпын. Соған қарамастан бақыттымын. Оны сүйемін және болашағымыз жарқын болады деп ойлаймын", - дейді жазасын өтеуші Татьяна Киселева.

Телеарнаның мәліметінше, күйеу жігіт те бұрын шалыс басып, жазасын өтеп шыққан. Ол сүйгеніне жақын болуы үшін Ақтөбеден Атырауға қоныс аударып, осында жұмысқа орналасқан. Кездесуге келіп жүріп, нақты шешімді биыл көктемде ғана қабылдапты. Жастардың жоспарына ата-аналары қарсы болмаған.


"Анам қазір Санк-Петербургте, ағам да сонда. Олар біледі. Уайымдап жүр. Қуанып жатыр. Біз Татьянамен бір ауданда, бір көшеде тұрдық. Мен көшенің басында, ол аяғында тұрды. Ортақ таныстар, достар болғандықтан кездесіп қалып жүрдік. Бірақ басында бір-бірімізге назар да аудармаппыз. Кейін жүрегіміз бірге соқты. Татьянаны үнемі ойлап, уайымдаймын", - дейді күйеу жігіт Вадим Кужбаев.


Татьяна әйелдер коллониясының тігін цехында жұмыс істейді. Тігіншілікті түрмеде үйреніпті. Оның үстіндегі көз тартар қалыңдық көйлегі, тіпті фатасы, қолғабы мен гүлі де өзімен бірге жазасын өтеп жатқан тағдырластарының еңбегі екен.


Олар қалыңдыққа көйлекті екі күннің ішінде тігіп берген. Болашағына сенімді жас-жұбайлар Татьяна бостандыққа шыққанда дүркіретіп той жасаймыз деп отыр.


"Менің екі жылым қалды. Бірақ рақымшылықтан үміттімін. Президентке рақымшылық сұрап жаздым", - дейді жазаусын өтеуші.

УГ 157-де 11 мекемесі басшылығының айтуынша, Татьяна тігін цехы қызметінен бөлек, мекемедегі барлық тәрбиелік-мерекелік шараларға белсене қатысады. Осыған дейін 7 алғыс хат алып үлгерген екен.





Көрілген: 787    Пікірлер: 0

сенбі, 30.11.2019, 11:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31