Оқиға

Үш адамның өліміне күдікті 26 жастағы жүргізуші қамауға алынды

  • © Хабар 24

    © Хабар 24

Алматы облысында үш адам қаза тапқан көлік апатын жасады деген күдікпен 26 жастағы жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Жол-көлік оқиғасы Панфилов ауданында болған. 25 наурыз күні Үшарал ауылының маңында «Ауди-100» және «Тойота-Камри» автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам түрлі дене жарақаттарымен Панфилов ауданының ауруханасына жеткізілді.


«Алдын ала болжам бойынша, көлік апаты 26 жастағы «Ауди-100» көлігі жүргізушісінің кінәсынан болған. Ол да дене жарақатымен ауруханаға түсті. Кеше күдікті ауруханадан шығарылған соң, оны қамаққа алу туралы шешім қабылданды. Факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық тергеу жалғасуда. Іс облыстық Анықтау басқармасының өндірісінде және департамент басшылығының қатаң бақылауына алынған»,- деп мәлім етті Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Сонымен қатар, көлік оқиғасы кезінде күдікті мас күйінде болғаны хабарланды. Оның машинасы тәркіленіп, арнайы автотұраққа жеткізілді.


Полицейлер жасаған талдауға сәйкес, өңірде жыл басынан бері жол апаттарының саны 36,2% артқан. Ішімдік ішкен күйде көлік тізгіндеген 500 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Жүргізушілер жол беретін бұзушылықтар - жылдамдық режімін сақтамау, жолдың қарсы бағытына шығып кету.


«Облыста жол қауіпсіздігі бойынша әртүрлі іс-шаралар үнемі өтіп тұрады. Соған қарамастан, жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтау тәртібі әлі күнге түзелмей отыр. Тек өткен бір апта ішінде облыс жолдарында 17 көлік апаты орын алып, 12 адам қаза тапты»,- деп атап өтті баспасөз қызметінен.


Өз кезегінде полицейлер темір тұлпар иелерін жолда абай болуға, заң талаптарын бұзбауға және жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.




 




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.04.2019, 09:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31