Оқиға

"Үш қызы бар": Елордада жас отбасының жалдамалы пәтері бір түнде жанып кетті

  • Өртке оранған үй. Фото: Жеке мұрағат

    Өртке оранған үй. Фото: Жеке мұрағат

Нұр-Сұлтан қаласында үш балалы отбасының жалдамалы пәтері бір түнде жанып кетті. 10 сәуірден 11-ні қараған түні жас отбасы паналайтын үйден өрт шығып, кішігірім баспананың сау-тамтығы қалмаған. Қуанышқа қарай, сол күні Мадина Бажыканова үш қызымен бірге қаладағы туыстарының үйіне қонса, отағасы Қанат Амандықұлы жұмыс бабымен үйде болмаған. Бір түнде бүкіл дүниесінен айырылған жас отбасы барарға жер, басарға тау таппай отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Қанат пен Мадина Айзере, Аяла және Ясмина атты үш қызды тәрбиелеп отыр. Балаларының үлкені жетіде, кішісі бірден енді асқан.

 

Одан бөлек, төртінші перзентіне аяғы ауыр Мадинаның босанатын күні де жақын қалған.

 

Бүгінде тілсіз жаудың кесірінен бар дүниесі мен киімдерінен айырылған олар көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр.

 

Ал жалдамалы пәтердің иесі үйді қайтадан тұрғызып беруді талап етуде.

 

"10 сәуір күні Мадина қыздарымен бірге шаруаларын бітіру үшін үйден шығып кетеді. Ол үлкен қызын мектепке тіркеу үшін құжат жинайды да, өзі тексерілу мақсатында емханаға соғады. Өйткені, Мадинаның айы-күні толып отыр, бұйыра, төртінші сәбиін дүниеге әкелмекші. Сол күні олар қаладағы туыстарының үйіне қонады да, жолдасы Қанат жұмыс бабымен үйге келмейді. Мүмкін, өрттің алдында мұны да сездірген шығар. Сол күні түнде үйде өрт шығып, жалдамалы жер үй түгел өртеніп кеткен", - дейді отбасының жақын таныстарының бірі.

 

Өртке оранған үй. Фото: Жеке мұрағат

 

Өрт салдарынан далада қалған отбасы үш қызынан бөлек, жақын арада дүниеге келетін сәби үшін де алаңдап отыр. Киімсіз және ақшасыз қалған олар көпшілік көмегіне зәру.

 

Оның үстіне, үйді жалдап тұрғандықтан өрт салдарынан келген шығынды да өтеулері қажет.

 

Егер жас отбасыға қаржылай көмек берем деушілер болса, төмендегі телефон нөмірі арқылы төлем жасауға болады.

 

Өртке оранған үй. Фото: Жеке мұрағат

 

 

87015973881 - Каспи голд нөмері (Замзагүл С.)

 

 

 




Көрілген: 940    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 17:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31