Киіз басудың ерекшеліктері

Киіз басудың ерекшеліктері

Жанар Бақытқызы Турегельдиева,
4 «В» сынып оқушысы

Киіз басудың ерекшеліктері
Бағыты: гуманитарлық
Секция: этномәдениеттану
Ғылыми жетекшісі:

бастауыш сынып мұғалімі
Сахан Мешимхан


Киіз өндірісі – белгілі бір шеберлікті қажет ететін күрделі үдеріс. Дайын киізден жасалатын өнім түрі де сан алуан.

Киіз өнімдерінің бірі – киіз шұлықтар. Киіз шұлықтар жасау үшін арнайы жұқа, жұмсақ, ақ және қоңыр түсті киіз қолданылады. Әр шұлықты біркелкі киізден пішеді. Табаны мен қонышы бір тігіспен тігіледі. Үстін қара түсті мақта матадан тігу керек.

Сыйлық және кәдесый өнімдерін табиғи материалдардан (қой терісі,жүн) дайындайды, олар кестеленіп әдемілеп тігіледі.

Киіз ұлтарақтар
ыңғайлы, төзімді әрі жылы болып келеді. Ондай ұлтарақтар суық мезгілде далада жұмыс істейтіндерге (балықшылар, аңшылар, құрылысшылар, шахтерлер, геологтар мен әскерилерге) арналған. Киіз ұлтарақтары қан айналымды реттеп, аяқтың шаршағандығы мен ауырғандығын басады, суық тию мен түрлі аурулардың алдын алады. Оларды түрлі өлшемде жасайды.

Киізден бас киім де тігуге болады. Әйелдерге арналған қалпақтарды жасау оңай. Олар үшін көлемі жағынан үлкен киіздер қолданылады. Бөліктер біркелкі материалдан тігіледі. Үлгі бойынша қалпақтың үстіңгі бөлігін дайындаймыз. Үстіңгі бөлік айналдырылып тігіледі. Қалпақтың
жиектері де оралып тігіледі. Әйелдерге арналған қалпақтардан бөлек, моншаға арналған қалпақтар, кілемшелер тігуге де болады.

Жүннен жасалған бұйымдардың денсаулыққа пайдасы

1. Киізді қой жүнінен жасаймыз ғой, ал қой жүнінің жылу реттейтін қасиеті бар. Дәрігерлердің пікірінше, құрғақ жылу суық тигенде бірден-бір ем.

2. Жүннен жасалған киімдер мен бұйымдар жараның тез жазылуына, сынықтың тез бітуіне көмектеседі.

3. Қой жүнінде ланолин деген табиғи май болады. Ал ланолин — бағалы өнім, ол түрлі майлар мен кремдердің негізі ретінде қолданылады. Ланолин 35-37 градус температурада ериді, әрі теріге тез сіңеді. Бұлшық етке, тамырларға, омыртқаға, тыныс алу жүйесіне оң әсер етіп, қан айналысын жақсартады.

4. Жүннің емдік қасиеті бар. Мәселен, ит жүнінен тоқылған киімді ревматизммен ауырған науқастар кисе, пайдалы. Тіпті, ертеде адамдар бастарын шарқатпен таңып, сол арқылы тіс немесе бас ауруларынан айыққан деседі. Жүннен жасалған бұйымдар, әсіресе, ревматизм, остеохондроз және радикулитпен ауыратын науқастарға ұсынылатын болған.

5.Киіз ұлтарақтары қан айналымды реттеп, аяқтың шаршағандығы мен ауырғандығын басады, суық тию мен түрлі аурулардың алдын алады.

6. Сондықтан киізден, анығы, жүннен жасалған киімдер тері астындағы қан айналысын жақсартады, адам терісінің қартаюын тежейді.

Біздің елде киізге аса қызығушылық танытатындар саны күн санап өсіп келеді, киіз бұйымдарына сұраныс та баршылық. Бірақ киіз басуға көңіл бөле бастаған қолөнер шеберлерінің арнайы шеберханасы жоқ екен. Сондықтан жүнді үй жағдайында өңдеуге мәжбүр. Бұл қол өнер туындыларының кеңінен өркендеуіне қолбайлау болып отыр. Халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін қол өнер шеберлеріне мемлекет тарапынан қолдау қажет.

 


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста