ОЛИМПИАДА 2012

Спортқа әділдік жараспаушы ма еді?!

  • Спортқа әділдік жараспаушы ма еді?!

    Спортқа әділдік жараспаушы ма еді?!

Халықаралық Олимпиада комитетінің біздің сөзімізге құлақ аспасы белгілі. Әйтсе де, айта кетейік, төрт жыл сайын дүниежүзін дүбірлетіп өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасы ұлғайып бара­ды. Әрбір Олимпиада сайын оның бағдарламасына жаңа спорттық додалар қо­сыл­уда. Соның салдарынан бүгінде Олимпиада ойындары бағдарламасындағы спорттық додалардың саны шектен тыс көп. Олардың бәрі де Олим­пиа­да сақиналарында бейне­лен­ген бес құрлықты мекен­дей­тін халықтың сүйікті спорты деп айта алмаймыз.

Ең өкініштісі, Олимпиада ойындары тек спорттық жарыстардың (сайыстардың) додасы емес, саясат араласып, бүкіл­әлем­дік бәсекеге айналып бара жатқандай. Бүгінде Олимпиада ойындарында қай елдің спортшылары қарымды болса, солар ғана топ жармайтын секілді. Қазіргі заман­ғы Олимпиада ойындарында спорттық ғы­лы­мы мен медицинасы озық елдер бірден атойлап алға шығып, қара үзіп кетеді. Дәл қазір оларға жету мүмкін емес. Бұл орайда, АҚШ пен Қытайдың спорттық ғылымы да, ілімі де өзгелерден көш ілгері болып тұр.

Ал ең сорақысы, кейбір спорт түрлерін­дегі төрешілерді қара қылды қақ жарған әділқазылар деп айтуға ауызың бармай, тіліңді тістейсің. Олимпиада ойындарында кейде тіпті қай елдің спортшылары мықты, бапкерлері білікті, спорттық ғылымы мен медицинасы озық екеніне көз жеткізіп қана қоймай, кейбір мемлекеттің «ме­недж­менті» іскер екендігін де байқауға болатындай.

Лондон Олимпиадасында бірнеше спортшының төрешілер шешіміне риза болмай, әділдік сұрап жан-жақтарына алақтағандарын да көрдік. Тіпті амалсыз­дан көз жастарын төккендерін де байқа­дық. Сондай-ақ кейбір спортшылардың басты бәсекелестерінің қайсыбіреулерін Олим­пиада ойындары бағдарламасын­дағы сындардан көре алмай таңдандық та. Қазір халықаралық спорт федерация­ларының «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» болып тұрған секілді. Допингке қарсы күрес орталығы тағы бар. Кейбір спорт­шылар соның қармағына ілігіп қа­лып, опық жеп жүр.

Бір сөзбен айқтанда, Олимпиада ойындары тек спорттық жарыстар мен сайыстардың додасы емес, заманауи додаға айналып бара жатқандай. Мұнда тек Олимпиада медальдары ғана сарапқа салынбай, жаһандық атақ-даңқ та, дүниежүзілік абырой да, халықаралық бедел де көкпарға тартылатындай...

Өкінішке қарай, біздің қолымыздан келетіні тек осы үрдіс Олимпиада ойын­да­рының мән-мағынасын бұзып, берекесін ке­тіріп, шырқын бұзбаса екен деп тілеу ғана...

Қазақ спортының артықшылығы мен кемшілігі

Қалай айтсақ та, Лондон Олимпиадасы біз үшін жаман болған жоқ. Керісінше, жұл­дызымыз жанып, абыройымыз асқақтаған дода болды. Бұл жолы саф алтын­ды әдеттегіден де көп алып, мерейіміз тасыды.

Мұны әркім әртүрлі қабылдады. Алтын­мен апталған саңлақтарымыздың қата­рында Қытай мен Ресейден келген спортшыларымыздың бар екендігін көлденең тартушылар көп болды. Шетел­діктер мұны қызғанышпен айтты десек, өзі­міздегі жанкүйерлердің біразы «өзіміз­дің ұл-қыздарымызды неге осындай жетістікке жеткізбейміз?» деп ашына ақ­тарылды. Бірақ біз бір нәрсеге көңіл ауда­руы­мыз керек. Бізге алтын әперген спорт­шы­лардың бәрі – өз елдерінде өздерінің ұлттық құрамаларына іліге алмаған ару­лар. Өз отандарындағы бапкерлерге керек­сіз болып қалған. Біз оларды сырттан ал­ғанымызды жасырмаймыз. Біздің артықшылығымыз сол, көрші елдерге керексіз болып қалған спортшылармен Олим­пиада алтынын алдық. Қытай мен Ресей­де олардан артық саналған спорт­шыларды тақырға отырғыздық. Бұл біздің бапкерлеріміздің, біздің мектебі­міздің олардан асып түскендігін көрсетеді. Қайда солардың Чиншанлодан, Манезадан, Подобедовадан артық спортшылары?! Біздің бапкерлер солардың үшінші немесе төртінші нөмірлі спортшыларымен Олимп шыңын бағындырып отыр. Яғни бұл – біздің бапкерлердің, біздің басшылардың, біздің жүйенің жеңісі. Қалай айтсақ та, біздің жеңісіміз, біздің жетістігіміз.

Сайып келгенде, мұның бәрі артықшы­л­ығымыз бен кемшілігімізді тайға таңба басқандай етіп ашып беріп отыр. Бізде үлкен спорт өте жақсы дамыған. Спортшы­лардан чемпион жасау жағына бапандай­мыз. Оған қабілетіміз де жетеді, мүмкінді­гіміз де жетеді. Білікті бапкерлеріміз де бар, сыралғы мамандарымыз да бар, көзі қарақты қайраткерлеріміз де бар. Ең бас­ты­сы, спорттық менеджментіміз де әлемде ал­дыңғы қатарда. Бұл – артықшы­лық­тарымыз.

Ал кемшілігіміз бізде спортшы дайын­дау, ізбасарлар әзірлеу мәселесі ақсаулы. Ауыл-ауылдан табанынан таусылып талант іздеп жүргендер жоққа тән. Спорт­пен айналысатын жастарымыздың көбі бастаған істерін аяғына дейін жеткізбей, тайқып кетеді. Спорттық қиындықтарға, ауыр жүктемелерге шыдамай ма, жоқ әлде білім қуып кете ме, белгісіз. Бұл тұста әр спорт түріндегі бас бапкерлерге кінә таға алмаймыз. Өйткені олар ауылды жерлер­ден талант іздей алмайды. Ұлттық құра­мына дайындаулары керек.

Лондон Олимпиадасы осы кемші­лігіміз­ді тағы да бір рет ашып берді...




Көрілген: 2675    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.08.2012, 13:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз 2012
    Зілтемірші Зүлфия
    14 Тамыз 2012
    Мұқалмас Майя

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30