Өмірбаян

Ермек Әбілмәжінұлы Келемсейіт

Ермек Әбілмәжінұлы Келемсеиіт 1952 жылы 22 сәуірде Алматы облысы Панфилов ауданы, Айдарлы ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Панфилов ауданы Қоңырөлен ауылының орта мектебін бітірді. 1982 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын «Ауылшаруашылығын механизацияландыру» мамандығы бойынша, 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады. 2006 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Орман шаруашылық ісінің» Бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесін алды. 1970-1972 жылдар аралығында Кеңес Әскері қатарында мерзімді әскери қызметін атқарды.
Еңбек жолын 1972 жылы Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылындағы Калинин атындағы орта мектебінің автокөлік жүргізушісі ретінде бастады.
1974-1976 жылдар аралығында Панфилов ауданы, Октябрь кеңшарының жүргізушісі, 1976-1978 жылдары гараж меңгерушісі, 1978-1985 жылдары бас инженер. 1985-1988 жылдары Панфилов ауданы, «Октябрь» кеңшарының бастауыш партия ұйымының партия комитетінің хатшысы. 1988-1995 жылдар аралығында Панфилов ауданы, Ленин атындағы кеңшар директоры (кейіннен «Үлкен ағаш» ұжымдық кәсіпорны). 1995-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші және екінші шақырылымдарының депутаты. 2004 жылдың қантар және қыркүйек айлары аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің орман және аң шаруашылғы комитетінің төрағасы. 2005-2012 жылдары Алматы облысы Панфилов ауданының әкімі. 2012 жылдың маусым айынан қараша айына дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі. 2012 жылдың 28 қазанында Алматы облыстық мәслихаттың V шақырылымының депутаты болып сайланды. 2012 жылдың 14 қарашасынан бастап Алматы облыстық мәслихатының хатшысы.
Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.




Көрілген: 3978    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.04.2014, 17:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31