Өмірбаян

Ғафур Мұхамеджанов

Ғафур Мұхамеджанов (1924, Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылы) – соғыс ардагері, қызметкер. Алматы жоғары партия мектебін, Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. 1941–42 жылдары бастауыш мектепте мұғалім болып істеген, 1943–45 жылдары 2-дүниежүзілік соғысына қатысқан. 1945–70 жылдары Шиелі ауданы комсомол комитетінің хатшысы, ауаткомның бөлім меңгерушісі, ауатком төрағасының орынбасары, төрағасы, тораптық партком хатшысы, Шиелі аупарткомның бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1970–75 жылдары Жаңақорған аупарткомының 1-хатшысы, 1975–85 жылдары Қызылорда обкомының әкімшілік және сауда-қаржы органдары бөлімінің меңгерушісі, облатком төрағасының 1-ші орынбасары болды. Обком мүшесі, аудандық, облыстық кеңестердің депутаты болып сайланған. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен және медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.




Көрілген: 1577    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.01.2014, 14:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31