Өмірбаян

Қамал Низамұлы Бұрханов


Қамал Низамұлы Бұрханов 1954 жылы 31 наурызда Ташкент облысы Янгиүл ауданы Шуролисай ауылында туған. Ташкент мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Саяси ғылымдардың докторы, профессор.

1977-1978 жылдары - Ә.Қастеев атындағы ҚазСРО мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми қызметкері.  1978-1979 жылдары - ҚазСРО ҒА Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының аға лаборанты.  1979-1995 жылдары – С.М. Киров атындағы ҚазМУ-да аға лаборант, ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, оқу жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, тарих факультеті саяси тарих кафедрасының меңгерушісі. 1995-2000 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазМУ тарих факультетінің деканы.  2000-2001 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазМУ философия және саясаттану факультетінің деканы.  2001-2002 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазМУ саясаттану кафедрасының меңгерушісі. 2002-2004 жылдары - Абай атындағы АлМУ заң факультетінің деканы. 2004-2006 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы. 2006-2007 жылдары – ҚР БҒМ Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры. 2007-2011 жылдары - ҚР IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 2012 жылғы қаңтардан бастап - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша сайланған.  «Құрмет» орденімен марапатталған.




Көрілген: 1149    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.03.2014, 09:08

Достарыңмен бөліс:

  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31