Мекемтас Мырзахметұлы Мырзахметов

Мекемтас Мырзахметұлы Мырзахметов

Мекемтас Мырзахметұлы Мырзахметов 1930 жылы 9 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Жуалы (қазіргі Түлкібас ауданы), Майтөбе аулында дүниеге келген. Қарасу атындағы бастауыш ауыл мектебінде оқып, 1948 жылы Ванновка (қазіргі Тұрар Рысқұлов) селосындағы №1 Абай атындағы қазақ орта мектебін бітіріп, Алматыдағы Абай атындағы ҚазПИ-дің филология факультетін тәмамдайды. ҚазССР Оқу министрлігінің жолдамасымен Өзбекстандағы қазақ мектептерінде оқытушылық қызметін атқарады. 1957 жылдан бастап Ташкенттің Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы, 1961-1964 жылдар арасында ҚазПИ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын бітіріп, 1965 жылы академик Қажым Жұмалиевтің жетекшілігімен «Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасының зерттелу жайы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғайды.
1965-1969 жылдар аралығында Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарында аға оқытушы, доцент, профессор және кафедра меңгерушісі, декан, проректор, ректор міндетін атқарушы қызметінде істеді. 1969-1975 жылдары ҚазПИ-дің қазақ әдебиеті кафедрасында доцент. 1975-1991 жылдар арасында Қазақ ССР Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер ғылыми зерттеу институтында аға жетекші ғылыми қызметкер және абайтану бөлімінің меңгерушісі қызметін атқара жүріп, 1989 жылы «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» деген тақырыпты докторлық диссертациясын қорғайды.
1991-2000 жылдар арасында Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, тарих-этнофилология ғылыми зерттеу институтының директоры, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының құрметтi меңгерушісі.
Мекемтас Мырзахметұлы М.О.Әуезовтің әдеби мемориалды музей үйінде қызмет атқарған жылдары оның абайтану мен мұхтартану саласындағы ғылыми зерттеу ізденістерінің және Қазақстанның саяси-әлеуметтік қоғамдық өмірінің әр қилы саласына арналып жазылған өткір публицистикалық мақалалары қоғамдық ой-санаға әсер етіп, ғалым ретінде кеңiнен танылған жылдары болатын. 1982 жылы «Ғылым» баспасында басылым көрген «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» деп аталатын монографиясы абайтану мен мұхтартануға жаңа серпін әкелуі себепті, баспасөзде аса жылы сын пікірлер айтылып жатты. «Қазақ қалай орыстандырылды» (1993 ж.) кітабы ұлттық сананы оятуда өзіндік орны бар бірегей еңбек ретінде танылып бағаланды.
Абайдың 150 жылдық, М.Әуезовтің 100 жылдық мерей тойына орай басылым көрген: «Абайтану» (библиографиялық көрсеткіш), «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» (1988), «Абай жүрген ізбенен» (1985), «Абайдың адамгершілік мұраттары» (1993), «Абайды оқы, таңырқа» (1993), «Абай және Шығыс» (1994), «Абайтану тарихы» (1994), «Восхождение Мухтар Ауэзова к Абаю» (1995), «Әуезов және Абай» (1997), «Түркістанда туған ойлар» (1998) және «Абайтану дәрістерінің дерек көздері», «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» (1997) деп аталатын еңбектері Мекемтас Мырзахметұлының Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болуына негіз болды.
М.Мырзахметұлының жинастырып, алғы сөзі мен түсініктемесін жазып басылым көрген еңбектері: «Әдебиеттану» (1972), «Халық сыйы» (1986), Қ.Байболов «Төлеби» дастаны (1991), М.Әуезов. «Әдебиет тарихы» (1991), Ш.Құдайбердиевтің «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» (1991), «Үш анық» (1992), «Мұсылмандық шарты» және «Бауыржан батыр», «Айналған аты аңызға Момышұлы» (2000), Қ.Өмірәлиев. «Абай афоризмі» (1993), және Б.Момышұлының «Психология войны» (екі рет) т.б. «Абай» және «Мұхтар Әуезов» энциклопедиясына қызу атсалысып, оның редколлегия мүшесі болды. 2000-2005 жылдар аралығында «Абайтанушы ғалым», «Көне Тараз» (2000), «Түркістан, Тараз арасы», «Мәди ақын шығармасы» басылым көрді. Мереке күніне арналып, «Тараз ой толғаныстары» деп аталатын көлемді еңбегі (24 б/т) жарыққа шықты. Автордың 800-ден астам ғылыми-публицистикалық мақалалары жарияланды.
Ғалым басқарған «Түрік халықтары әдебиет тарихы» ҒЗО алғаш рет «Түрік халықтары әдебиет тарихы» оқулығын, хрестоматиясын, жаңа бағдарламасы мен библиографиялық көрсеткішін жариялады. Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы «Бауыржан Момышұлы мұрасы ХХІ ғасыр көгінде» деп аталатын ғылыми топ жауынгер жазушының 100 жылдық мерей тойына 30 томдық толық шығармалар жинағы мен батырдың тұлғалық фотоальбомын, Мәскеу қаласынан «Легендарный батыр» атты кітабын, «Көз алдымда бәріңсің», «Баукең туралы толғаныстар» атты естелік пен күнделіктерін жарыққа шығарды. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жанынан құрылған «Абайтану» ғылыми зерттеу-орталығы қызметкерлерімен бірігіп «Абайтану әліппесі» 5-8 сыныптарға арналған аудио құралын (сөйлейтін қаламсап түрінде) Жапония мемлекетінен шығарды. Мерейтойына орай Мекемтас Мырзахметұлының осы күнге дейінгі Абайтану саласындағы еңбектері жинақталып үлкен екі кітап болып шықты. Жоғарғы оқу орындарына арналған «Абайтану» оқу құралы да жарық көрді.
Абайтану саласы мен әдебиет тарихынан 4 доктор 40-қа жуық ғылым кандидатын қорғатып, магистрлер, аспиранттар мен ізденушілерді диссертация қорғауға даярлауда. Олардың тырнақ алды ғылыми еңбектері моногрфия түрінде басылым көруде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста