Өмірбаян

Өмірхан Әбдиманұлы

  • Өмірхан Әбдиманұлы

    Өмірхан Әбдиманұлы

Өмірхан Әбдиманұлы әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымының докторы, профессор. Ол 1953 жылы Жамбыл облысының қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылында дүниеге келген. 1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, 1982 жылы М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп шықты. 1992 жылы «А.Байтұрсыновтың әдеби-публицистикалық мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Сол уақыттан бері ҚазҰУ-дің филология факультетінде аға оқытушы, доценті, профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы болып қызмет етті. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің деканы. 2007 жылы «Ұлт-азаттық идеяның XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркемдік мәні мен жаңашылдық сипаты» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 


Ө.Әбдиманұлы - қазақ әдебиеті тарихының «ақтаңдақтарын» ашуға елеулі үлес қосты, Алаш тарихын, алаш арыстары шығармашылығын зерттеп, бірнеше іргелі еңбектер жазған әдебиет зерттеушісі. Ғалымның Алаш әдебиетіне арналған «Қазақ газеті» (1993), «Ахмет Байтұрсынұлы» (2007), «Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идея» (2007) атты монографиялық зерттеулері және ғылыми мақалалары бар. Қазір әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің деканы қызметін атқарады.




Көрілген: 1684    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.03.2015, 15:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30