Өмірбаян

Серкебаев Алмас Ермекұлы


Серкебаев Алмас Ермекұлы 1948 жылы 31 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген.  Композитор, Қазақ  КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының мүшесі. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері.

1966 жылы музыкалық мектебін, 1973 жылы Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) композиция (Ғ.Жұбанованың класы бойынша) бөлімін бітірген. 1973 - 1974 жылдары - осында стажер-зерттеуші, 1974- 1978 жылдары - стажер-ассистент, 1982 жылдан Қазақстан Композиторлар одағының дыбыс жазу кабинетінің меңгерушісі болды. Симфониялық, аспаптық-камералық, вокалдық және эстрадалық жанрда еңбек етті. Оның камералық оркестрге арналған "Шалқыма" (1974), "Кербез" (1976), "Отырар" (1979), "Шертпе күй" (1982); "Хорлан", "Мәңгі өшпес даңқ" (1974) атты вокалдық шығармалары; "Ақсақ құлан" балеті (1975) мен "Маугли, менің бауырым" рок-опера-балеті (1982), тағы басқа да көптеген туындылары бар. 




Көрілген: 1859    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.03.2014, 09:07

Достарыңмен бөліс:

  • Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31