Сейіт Кенжеахметұлы

Сейіт Кенжеахметұлы

Сейіт Кенжеахметұлы - 1939 жылы 12 қаңтарда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел аймағындағы «Сарықопа» деген жерде туған. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында оқыған. Кейін ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын аудандық «Жаңа өмір» газетінің бөлім меңгерушілігінен бастаған. 1966— 1977 жылдары Қостанай, Торғай облыстық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді. 1977 — 1989 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Торғай облысындағы кеңесшісі, 1989 — 2002 жылдары Торғай облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы әрі Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогика институтында доцент, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды, қазақ әдебиеті тарихынан дәріс оқыды. 1990— 1995 жылдарда Торғай облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы міндетін қоса атқарды. 2003 жылдан Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» Ғылыми-зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер болды. Қазір Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институт ректорының кеңесшісі әрі осындағы ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері.
Әдебиетте алғашқы қадамын сатиралық өлеңдер мен мысалдар жазудан бастаған. Тұңғыш туындылары 1957 жылдан бастап «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Ара», «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат»), «Қазақстан әйелдері» журналдарында жариялайды. Әзіл-сықақ әңгімелерімен бірге шағын интермедиялар жазды. Оның интермедиялары «Тамаша» ойын-сауық отауында 30 жыл бойы қойылып келеді. Этнографиялық-танымдық еңбектері үшін «Ана тілі» газетінің «Ана тілінің саңлағы» құрметті атағын алды (1992). «Жеті қазына» атты 4 кітаптан тұратын ұлт мәдениетіне арналған ғылыми еңбегі үшін Қостанай облысы меценаттарының «Қазына» атты сыйлығын алды (2002). «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» (2004 — 2007), «Қазақтың дархан дастарханы» (2006 — 2007) атты көлемді энциклопедиялық еңбектері қазақ, орыс, ағылшын, қытай, түрік, әзербайжан, т.б. тілдерде басылып шықты. «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» деп аталатын этнографиялық танымдық еңбегі 2006, 2007 жылдары Мәскеуде өткен әлемдік кітап баспаларының көрмесінде 2 рет үшінші дәрежелі диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды. Соңғы аталған үш жинақ шетел баспаларында да басылып шықты және әлемнің 30-дай астам мемлекеттерге тарады.
Қазақтың мысал әңгімелері мен өлеңдерін құрастырып, 1981 жылы «Жалын» баспасынан бастырып шығарды. С.Олейник, С.Михалков, Ә.Несин, И.Крылов, т.б. ақын-жазушылардың шығармаларын аударған.
Торғай және Арқалық қалаларының Құрметті азаматы (1989), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2002), Қаз ССР Халық ағарту ісінің үздік қызметкері (1991), ҚР Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста