Өмір-юмор!

-Ұятым,қайдасың?-деп ұшып түрегелдім.

  • -Ұятым,қайдасың?-деп ұшып түрегелдім.

    -Ұятым,қайдасың?-деп ұшып түрегелдім.

ҰЯТЫМ ҚАЙДА?
(әзіл әңгіме)
Үйге көршім жүгіріп кірді.
-Ау,не жатыс?-деді асығыс-аптығып.
-Енді карантинде жатпағанда түрегеліп қақиып отырам ба?-дедім.
-Қашпаймыз ба?
-Кімнен?
-Ковидтен
-Қайда?
-Бас ауған жаққа
-Есің дұрыс па?-деп едім,көршім қолын бір сілтеп шығып кетті.
Терезеге көз салсам жұрттың бәрі сөмкелерін арқалап тым-тырақай зытып барады.Бұларға не болды? Біздің үйдегілер көрінбейді. Маған ескертпей кетіп қалған ба? Өзімді көштен қалып қойған Асанның сыңары Үсендей сезіндім.
"Ешқайда бармаймын"-деп, диванға шалқамнан құлай кеттім. Теледидарды қостым.Қай арнаны қарасам да ылғи қашқындарды көрсетіп жатыр. Біреу қомақты мемлекет қаржысын қымқырып шетелге тайып тұрыпты.Бір облыстың әкімі әйелінен қашып кетіпті.Аты шулы мекеменің дырдай қызметкері қоғамды кеулеп кеткен өтірік пен өсектен қайда қашып құтыламын?-деп,сұхбат беріп отыр.Тағы біреулер вакцинадан бас сауғалап барады.Түк қызық жоқ. Жануарлар туралы арнаға бұрадым.Төрт түлік малдар да жан-жаққа жамырап жатыр екен.Тас бүркеніп жатып қалдым. Көзім ілініп кетті. Мәссаған,денемнен жаным емес,ұятым бөлініп шығып тұра қашты.Төсектен өре түрегеліп жалаң аяқ қудым.Қумағанда қайтемін?Ұяттан басқа не қалды? Соңынан қуалап аэропорт вокзалына бардым.Сізге өтірік,маған шын біздің ауылдағы адамдардың ұяттары тізіліп кассада кезекте тұр.Олар мұхиттың арғы бетіне самолетке билет алып жатыр. Арасында жақын таныстардың ұяттары бар.Ұятыма тізерлеп отырып жалындым:
-Ел аман,бейбіт өмірде мені кімге тастап барасың? Сенсіз қалай күн көрем? Жұртқа масқара боламын ғой...
Ұятым:
-Өткенде жемқор әкімдер туралы мақала бастадың да тастадың, телефоныңды шұқып диванда жатып алдың-деді.Ұялайын десем ұят жоқ. Тек мұрнымның ұшы терлеп кетті.Содан барлық ұяттар сөйлей жөнелді.
Полицияның ұяты:
-Қатын-қалашпен алысып әбден зықым шықты.Соңғы кездері бұларға менің түк керегім болмай қалды.Ұяты бар елге кетем-деді мұңайып.
-Өрімдей жас жігіт өлім аузында жатқанда көмек көрсетудің орнына ағайындарынан ақша талап етті-деп дәрігердің ұяты назын білдірді.
Мектепте мұғалім болып жасайтын танысымның ұяты тіл қатты:
-Өз ана тілін үйрене алмай жүргенде тағы үш тілді қосақтап оқушының миын ашытты.Қашықтықтан оқу деген тағы бар.Бұдан білім бола ма? Сайлау кезінде жаңа түскен келіндей дауыс жинап үй жағалап шапқылаймыз."Ұстаз" деген атымыз қалмады-деді.
-Шындықты жаз десем,халыққа өтірік ақпарат таратудан шаршамайды-деп,бір қалам ұстайтын құрдасымның ұяты ренішін айтты.Ауылға былтыр келген молданың ұяты сөйлей алмай жылап тұр.
-Саған не болды?-деп едім.
-Бұл молдекем уағызды құрастырып айтқанда аузы аузына жұқпайды. Құдай-ау, арасында қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары туралы қосып жіберсе бірдеңесі қисайып кете ме?-деп ызаланды.
Бір елге танымал үлкен кісінің ұяты үндемей төмен қарап тұр.Мұнда туған иелерінен қашып бара жатқан ұяттардың саны көп. Өз ұятымды құшақтап жерге құлай кеттім.Алысып жатырмын.Біреу құйрығымнан бір тепті. Оянып кеттім.Ырғызда тұратын нағашым екен. Диваннан жерге құлап жамылғы көрпеге оранып қалыппын.
-Ұятым,қайдасың?-деп ұшып түрегелдім.
Ол аң-таң...




Көрілген: 3820    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.08.2021, 01:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 16:58
    Қорқамын әйелдерден
    19 Қыркүйек, 22:06
    "АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" АКЦИЯСЫ...
    14 Қыркүйек, 13:39
    ҰЯТЫ БАР ҰРЫ
    2 Қыркүйек, 17:25
    ...Дамбалсыз қаласың...
    30 Тамыз, 23:39
    АС ҮЙДЕГІ ЖАРЫЛЫС
    5 Сәуір, 23:36
    КӨТЕРІП ҚОЙЫПТЫ...
    31 Наурыз, 08:56
    МОЙЫНДАУ
    28 Наурыз, 23:14
    «ТОЛҒАҚ ҚЫСҚАН» ЖІГІТ
    28 Наурыз, 22:59
    ТАСБАҚА ҰША МА?
    22 Ақпан, 17:45
    КІМНІҢ ҚАТЫНЫСЫҢ?
    20 Ақпан, 18:07
    ШЫМКЕНТТІКІСІЗ БЕ?
    13 Ақпан, 21:26
    24 САҒАТ ...
    13 Ақпан, 14:39
    ҚАРАБЕТ.КЗ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30