Өмір-юмор!

Әншігүл Бишібаева мен Бәлебай Түгенбаев арасындағы достық

  • Әншігүл Бишібаева мен Бәлебай Түгенбаев арасындағы достық

    Әншігүл Бишібаева мен Бәлебай Түгенбаев арасындағы достық

Қазақстанға танымал жұлдыз Әншігүл Бишібаеваның ең жақын досы - бұған дейін ешкім атын естімеген Бәленбай Түгенбаев екен деп хабарлайды rasaitam.kz тілшісі.
Бұл жөнінде Әншігүл Бишібаева өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті. Мұндай тұжырым қазіргі кезде қазақстандық жұлдыздар мен жұлдыз еместер арасында ерекше танымал болып келе жатқан nametests болжау орталығының мәліметтеріне сүйене отырып жасалған екен.
Әншігүл Бишібаева мен Бәлебай Түгенбаев арасындағы достық 2012 жылдың қыркүйек айында, Әншігүл Facebook әлеуметтік желісіне тіркелгеннен кейін бір айдан соң орын алған көрінеді. Бұл уақыт аралығында Бәленбай Әншігүлдің 200 суретіне "лайық" басып, 300 постына пікір қалдырыпты.
Бұдан бұрынырақта, танымал әнші Сайрат Жыртас өзінің үй қызметшісі ретінде өзінен де танымал бір әншіні көретінін және оған төсектің астын мұқият жинау керек екендігіне назар аудара отырып жариялаған болатын. Сайраттан танымал әншінің атын атамауымыздың себебі - пост жарияланғаннан кейін Сайрат оны алып тастады, алайда, біздің тілшіміз сол сәтте компьютер экранынан скрин жасап үлгеріпті.
Айта кетерлігі, Сайрат пен одан танымал әнші арасындағы достық та сол пост шыққаннан кейін үзілген. Тіпті, бірін бірі "қара тізімге" тығып тастамады ма деген жорамалымыз жоқ емес екенін де жоққа шығара алмаймыз.
Nametests болжау орталығынан алынған эксклюзивті мәліметтерімізге сүйенсек, қазақстандықтардың орташа өмір жасы - 99,5 жылды құрайды екен. Әрбір үшінші қазақстандық келер жылы "Бентли" маркалы автокөлік мініп, жаңа жылды АҚШ-тың Нью Йорк қаласында қарсы алады екен.
Nametests болжау орталығы қазіргі таңда өзінің басты бәсекелесі - Capitan Quizz болжау орталығын артқа тастап, қазақстандықтардың 75% үлесіне ие болып отыр. Алайда, болжаушылар бәсекелесі мұнымен тоқтамақ емес. Өйткені, қазіргі таңдағы Қазақстандағы демографиялық ахуалды ескере отырып, қазақстандықтардың неше пайызында он және одан артық бала туылуы мүмкін екенін білу еліміздің қазіргі өтпелі кезеңдегі даму стратегиясының бағдарын бағамдаудың басты бағыты болып отыр.
Сонымен қатар, еліміздің үшінші партиясының жұмысшы тобының бастама көтеруімен, осы екі болжау орталығының мамандарына қазақстандықтардың неше пайызы неше әйел алып, неше күйеуге тиетінін дәл басып айтып бере алатын алгоритм жасап шығаруға ұсыныс жасау жоспарлануда. Бұл - еліміздегі қазіргі таңдағы ең басты мәселе болып отырған көп әйел алу туралы заң жобасының тағдырын шешіп береді деген үміт бар екенін білдірсе керек.
Осы материал әзірленіп жатқанда, сол жұмысшы тобының бастама көтеруімен, жұлдыздар болашақта кіммен құда болатынын және балаларын неше жасында үйлендіріп, қыздарын неше жасында ұзататынын 99% дәлділікпен анықтап беретін алгоритм жасауға да ұсыныс жасалып жатқаны белгілі болды. Демек, келешекте біздің сайтымызда жұлдызды құдалықтар тарихы жөнінде жаңалықтарды бірінші болып оқу бақыты сіздерге бұйырып тұрғанын асыға қуанышпен хабарлаймыз, құрметті rasaitam.kz сайтының оқырмандары.
Жазғыш Сызғышбаев, арнайы rasaitam.kz үшін, 26.08.2015

facebook.com парақшасынан




Көрілген: 2470    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.08.2021, 10:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 16:58
    Қорқамын әйелдерден
    19 Қыркүйек, 22:06
    "АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" АКЦИЯСЫ...
    14 Қыркүйек, 13:39
    ҰЯТЫ БАР ҰРЫ
    2 Қыркүйек, 17:25
    ...Дамбалсыз қаласың...
    30 Тамыз, 23:39
    АС ҮЙДЕГІ ЖАРЫЛЫС
    5 Сәуір, 23:36
    КӨТЕРІП ҚОЙЫПТЫ...
    31 Наурыз, 08:56
    МОЙЫНДАУ
    28 Наурыз, 23:14
    «ТОЛҒАҚ ҚЫСҚАН» ЖІГІТ
    28 Наурыз, 22:59
    ТАСБАҚА ҰША МА?
    22 Ақпан, 17:45
    КІМНІҢ ҚАТЫНЫСЫҢ?
    20 Ақпан, 18:07
    ШЫМКЕНТТІКІСІЗ БЕ?
    13 Ақпан, 21:26
    24 САҒАТ ...
    13 Ақпан, 14:39
    ҚАРАБЕТ.КЗ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30