Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бала – пиәншік, келін қояншық...

03 шілде 2022, 22:59

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫНАН ДА ҚЫЗЫ ШЕШЕН

 

Осыған талай рет көзім жетті. Бір жігіт көрші кейуанаға жолығып, үй-іші амандығын сұрап:

 

– Хал-ахуалыңыз қалай? – десе үлкен кісі:

 

– Бала – пиәншік, келін қояншық, – депті.

 

Бұдан артық ызалы әрі дәл айта аласың ба, егер ұлы ішіп кетсе, келіні керауыз болып шықса...

 

Әлгі апай тағы бір елдесі келіп есен-саулық сұраса:

 

– Жиырма бесін үш рет жоғалтып отырған кісіден не сұрайсың? – депті. Бұнысы – жетпіс бестен астық қой дегені екен.

 

 

 

Kultoleu Mukash

Фейсбуктегі парақшасынан