Бірақ, жақсы болды, «Фатиханы» да, батаны да жаттап алдық

27 қазан 2021, 01:32

БАТА
Үшінші сыныпта оқитын балам «Апай «Ертең Құран жаттап келіңдер» деп тапсырма берді» деп келді.
Басында таң қалсақ та жас баланың Құран кәрімді біле бергені дұрыс қой деген оймен түнімен аяттарды жаттаттық.
Ертеңінде сабақтан оралған балам күледі:
-- Мен дұрыс естімеппін... Апай Құран емес, бата жаттап келіңдер деп айтқан екен.
Жас бала Құран оқылғаннан кейін бата берілетінін көріп жүр ғой, содан Құран деген де, бата деген де бір деп ойласа керек.
Бірақ, жақсы болды, «Фатиханы» да, батаны да жаттап алдық.

Фейсбуктегі парақшасынан