Өмір-юмор!

ЖАЗБАЙ ҚАЛСАҚ ТА, ҚОЗБАЙ ҚАЛСАҚ ТА, ЛАҚТЫРЫП ТАСТАҒАН ЖОҚ

  • ЖАЗБАЙ ҚАЛСАҚ ТА, ҚОЗБАЙ ҚАЛСАҚ ТА, ЛАҚТЫРЫП ТАСТАҒАН ЖОҚ

    ЖАЗБАЙ ҚАЛСАҚ ТА, ҚОЗБАЙ ҚАЛСАҚ ТА, ЛАҚТЫРЫП ТАСТАҒАН ЖОҚ

Омар Жәлел айтпақшы, маркерміз бе, басқамыз ба білмеймін тиетін күйеуге уақытылы  тидік қой.  Жазбай қалсақ та,  қозбай қалсақ та, тіпті созбай қалсақ та, лақтырып тастаған жоқ.

 

   Баяғыда маркер жазбай қалса, спиртке малып алып, қайта жаза беретінбіз. Сол сияқты, күйеу де алып алып, салып алып жүр ғой әйтеуір. 

 

Айтпақшы, мереке жақындаған сайын, өтірік ұрысып қалмаса екен - деп жүрмін. Әй жоқ,  бірақ біздің үйдегі өйтпейді. Төсек болып жайылады ғой шіркін .

 

  Не қалайсың,  не сатып алып берейіннен бастайды, ілтипатына риза болып "Ештеңе де керек емес, сен аман болшы" деп лыпылдап кетемін. Сірә, әйелдер құлақпен сүйеді ~деген осы шығар .

 

Мерекеңмен!  ~деген сөзінің өзі жігерлендіріп,  мейірлендіріп,  таусылмайтын сия іспеттендіріп жібереді екен. Ал анау Жәлел  айтарын айтып алып, сосын оны өйтпеген едім, - деп дәлелдеп әлек.

 

Өткенде екі күн салқын болып, бетімнің бір жағын түгелімен суықтатып алдым. Сырт қараған адамға құдты бір байынан таяқ жеген әйелдей көрінеді.

 

 Көшеде, тіпті жұмыстың ішінде күннен қорғайтын көзілдірік тағып жүруге тура келді.  Байқаусызда байқап қойғандар басын шайқап  "Байың ұрды ма? " ~деп айтып үлгерді.

 

Баста ақталып едім, кейін иә ұрды, байы бар әйелге көгеріп жүрген жарасады -дей салдым. 

 

Жалпы, Жәлелге ақ тер көк тер болып ұрысудың, не өкпеулеудің қажеті жоқ. Әркім өз дәрежесінде сөйлейді.

 

 

Одан да күйеуге тиіңдер)

 

 

 

Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4222    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.03.2021, 12:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан 2021
    Бәукеш алған бас бәйге
    8 Желтоқсан 2021
    Ал өлмей қалсаң ше?
    27 Қараша 2021
    Оқтау тақтай
    27 Қазан 2021
    ТОҚАЛ
    22 Қыркүйек 2021
    Қорқамын әйелдерден
    14 Қыркүйек 2021
    ҰЯТЫ БАР ҰРЫ
    2 Қыркүйек 2021
    ...Дамбалсыз қаласың...
    30 Тамыз 2021
    АС ҮЙДЕГІ ЖАРЫЛЫС
    5 Сәуір 2021
    КӨТЕРІП ҚОЙЫПТЫ...
    31 Наурыз 2021
    МОЙЫНДАУ
    28 Наурыз 2021
    ТАСБАҚА ҰША МА?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31